КӘСІПКЕРЛІККЕ КӨҢІЛ АУДАРДЫ

КӘСІПКЕРЛІККЕ КӨҢІЛ АУДАРДЫ

КӘСІПКЕРЛІККЕ  КӨҢІЛ АУДАРДЫ
ашық дереккөзі
177

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Б.Байбек Елбасына 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жайлы, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын түсіндіру мен жүзеге асыруға қатысты шаралар туралы баяндап берді.

«Нұр Отан» партиясының еліміздегі негізгі қоғамдық күшке айналғанын, партия жұмысының бір бағыты мемлекеттік саясатты түсіндіру екенін ескерткен Нұрсұлтан Әбішұлы: «Өңірлерде жұмыс істейтін партиялықтар жүргізіліп жатқан жұмысты халыққа жеткізуі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын бақылауы тиіс. Партия беделі өте жоғары деңгейде сақталып, абыройы мұнтаздай болуы тиіс», – деді.

Осы орайда, Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе индус­триялық-инновациялық даму бағдар­ламасын тиімді жүзеге асыру­дың маңыздылығына тоқталды: «Шетелдік инвесторлар кеңесінің өткен отырысы кәсіпкерліктің мүдделілігі жоғары екенін көр­сетті. Мен елдегі бизнестік ахуал­ды жетілдіру жөніндегі жаңа міндеттерді жарияладым. Барлық жерде шағын және орта бизнесті қолдап, тұрғындардың бизнес-жобалар әзірлеуіне, несиелеу көздерін тауып, салықтық және басқа да преференциялар туралы білуіне көмектесу керек. Шағын және орта кәсіпорындарды дамыту көптеген жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, партияның осы мәселені өз қолына алғаны жөн».

«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өз кезегінде тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жолға қойылғаны туралы мәлімдеді: «Өткен жылдың қорытындысы бойынша партияның қоғамдық қабылдауына 800 мың адам келді. 39 мың арыз мемлекеттік органдардың қарауына жолданды. Партиялық бақылау мен орталық және жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылды күшейту жұмыстары жүргізілді.  Сонымен бірге, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізілуде. Соңғы алты айда осы санаттағы 4000 адам жұмысқа орналастырылды». Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары  Үкімет қызметінің нәтижелерін түсіндіру, «Қазақстан-2050» стра­тегиясын, сондай-ақ еуразиялық экономикалық интеграцияны жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыс жайлы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Қазақ­стан-2050» стратегиясын жүзеге асыру, халықпен тікелей өзара іс-қи­мыл аясын кеңейту, партияның өзін-өзі жан-жақты қамтамасыз етуі және оның алдына қойылған өзге де міндеттерді жүктеді.

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары