Қазақ азаматы қашан ғарышқа ұшады?

Қазақ азаматы қашан ғарышқа ұшады?

Қазақ азаматы қашан ғарышқа ұшады?
ашық дереккөзі
435

Бұл сұрақтың жауабын жылы жауып жүргенімізге бірталай жыл. Десе де қазақ ұлтынан шыққан ғарышкердің ғарышқа ұшуы қиынның қиыны болып шықты. Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бұл мәселені журналистердің оңай көретінін айтқан болатын.  

Бүгін
журналистерге берген сұхбатында Мұсабаев мырза: “Қазіргі кезде біз
қытайлық әріптестерімізбен жұмыс істеп, қазақстандық ғарышкерді қытайлық
техникамен ғарышқа ұшыруды қарастырып жатырмыз”, – деп атап көрсетті. Бүгінгі
таңда Ресей федерациясымен кеңесіп жатқан көрінеді. Орталық коммуникациялар
қызметінде мамырдың басында өткен брифингте қазақстандық азаматтың міндетті
түрде ғарышқа ұшатынын айтқан болатын ол.

«Қазақстан
азаматын ғарышқа қашан жібереміз?» деген сауалға Мұсабаев мырза: «Қызық сұрақ
қоясыздар өзі, бұл пойыз немесе ұшақ емес қой, ішіне отырғызып қойып, жібере
салатын. Оны іске асыру оңай емес. Себебі дәл қазір орбитада ресейлік
“Мир” станциясы емес, халықаралық ғарыш станциясы (ISS) жұмыс істеп
жатыр. Бұрын ғарышқа кімді жіберетінін Ресей шешсе, қазір жағдай басқаша.
Бірден айтайын, Қазақстан ISS-ке кірмейді. Оған Еуропа, АҚШ, Ресей, Жапония,
Канада сияқты 20-ға жуық мемлекет кіреді. Сондықтан сіздер айтқандай, өз
азаматымызды ғарышқа жіберу үшін аталған елдердің барлығы рұқсат беруі тиіс.
Әрине, ол – өте қиын мәселе. Қазір ғарышкерлердің ұзын-сонар кезегі бірнеше
жылға созылады. Соған қарамастан, біз нақты шараларды атқарып, келіссөздер
жүргізіп жатырмыз. Оңтайлы шешімдер де жоқ емес. Біз алдын ала айта аламыз,
бәлкім  ол бастама 2017 жылы жүзеге асады.Бұл
– мемлекет басшылардың деңгейінде қаралатын мәселе», – деді. Дегенмен ғарышкердің ұлты қазақ болмауы
мүмкін. “Ғарышқа Қазақстан азаматы
ұшады деп айтқан жөн. Бұл жерде біз қазақ туралы айтып отырған жоқпыз.
Мұсабаев немесе Мырқымбаев деп… Ең бастысы, ол Қазақстан азаматы болуы
тиіс”, – деді Мұсабаев. Бүгінде ғарышкер полковник Айдын Айымбетов –
негізгі үміткерлердің бірі. “Әзірше, ол тізімде бірінші болып тұр. Бірақ
бұл әзірше. Біз басқа адамдарды да дайындайтын боламыз”, – деп еді Мұсабаев мырза. Бұл мәселені Бейжіңде Қытайдың
ғарыш әкімшілігі жетекшісімен болған кездесуде талқылаған едік. Ресей тарапымен
іске аспаса, Қытайдан жіберуге талпынамыз деп отыр.

Серіктес жаңалықтары