Пневмококк жұқпасына қарсы екпе сәби өлімін 20 пайызға төмендетеді

Пневмококк жұқпасына қарсы екпе сәби өлімін 20 пайызға төмендетеді

Пневмококк жұқпасына қарсы екпе сәби өлімін 20 пайызға төмендетеді
ашық дереккөзі

 Жасөспірімдер арасында жұқпалы ауру тудырушы пневмококк вирусы қауіпті саналады. Отандық дәрігерлер Қазақстанда пневмококк инфекциясына қарсы иммундау ұлттық бағдарламасы арқылы сәбилердің өлімін 20 пайызға төмендету мүмкін екенін мәлімдеді. 

ДСҰ дерегіне сәйкес, пневмококк жұқпасынан әлемде 1,6 миллионнан астам адам ажал құшады,  оның 1 миллионға жуығы бес жасқа дейінгі балалардың қыршынынан қиылуы. Елімізде балаларды пнемококк жұқпасына қарсы егу басталғалы оң нәтиже беруде. «Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында балалар арасында 2010-2012 жылдары сырқаттанушылыққа жүргізілген салыстырмалы талдау пневмония 46%-ға және 49,6%-ға  жіті, ортаңғы отитпен сырқаттанушылық 21,3%-ға,  сондай-ақ пневмониядан болатын өлім-жітімнің 15,5%-ға және 57,1%-ға  төмендегендігін көрсетті», – деп мәлімдеді ҚРА ТҚК санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторингтеу ғылыми-тәжірбиелік орталығының эпидемониторингтеу бөлімінің басшысы Айнагүл Мұқанқызы.

Конференцияға қатысқан Ресей, Германия, Венгрия сарапшылары өз елдерінің тәжірбиелерімен бөлісіп, вакцина егумен басқарылатын эпидемиологиялық жағдайды сөз етіп, ҚР  иммунизация  саласының жетістіктеріне тоқталды. Ең негізгісі, пневмококк және папиломовирус инфекциясының алдын-алу бағдарламасын сарапқа салды. Германиядағы Майнце қаласында Иоганн Гутенберг атындағы университеттің педиатрия департаментінің профессоры Джо Шмидт пневмококк инфекциясына қарсы иммундау екі жасқа дейінгі балаларға ғана емес, ересектерге де керек, ал созылмалы аурумен ауратын науқастар мен егде адамдарға міндетті екендігін басып айтты.

«Пневмококк инфекциясы кез келген жастағы адамдарға жұғады, әсіресе созылмалы аурулармен ауыратын адамдар үшін қауіпті. Балаларды жаппай жоспарлы вакцинациялау жағдайында ересектердің пневмококк инфекциясын жұқтыру қаупі 30%-ға дейін төмендейді, алайда адамдардың өзінше қорғануы одан да жақсы. Вакцинация тек балалар ғана емес, ересектер үшін де аурудың алдын алу мен ауада қоздырушылардың болмауына тиімді», – деді Шмилд мырза.

ҚР алдын алу екпелерінің ұлттық күнтізбесіне гемофильді жұқпаға қарсы балаларды жоспарлы вакцинациялау енгізілді, ал 2013 жылдан бері жатыр мойны мен өзге де аногенитальдық органдардың рагын тудыратын полимиелит-вирустық жұқпаға қарсы жасөспірім қыздарды иммундау жүргізіледі.

2011 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жатыр мойны рагымен ауыратын 9965 әйел есепте тұрады. Жыл сайын осы індетке 1500 әйел шалдығады, қала берді онкологиялық аурулардан қайтыс болған нәзік жандылар арасында жатыр мойыншығы екілікке кіреді.

«Күн сайын Қазақстанда жатыр мойыншығы рагынан екі әйел қайтыс болады. Адамдағы папиллома жұқпасына қарсы егу-бұл жатыр мойыншығы рагының алдын алу үшін қажетті шара, осы сырқаттың туындауын төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді Қазақ Онкология және Радиология ҒЗИ онкогинекология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Қайырбаев.

Адамдағы папиллома вирусы жатыр мойыншығы рагы диагнозы қойылған аурулардың 99,7%-ында кездесетіні анықталды. Аты жаман аурудың жұғуының шарықтау кезеңі 16 мен 20 жастағылардың арасында көбірек кездеседі. Сарапшылар барлық тұрғындарды толық сақтау үшін қыз балаларды ғана емес, ер балаларды да жұқпаға қарсы егу маңыздылығын айтады.

Қазір жатыр мойыншығы рагын алдын алу ұлттық бағдарламасына Австралия,АҚШ, Канада және Еуропаның бірқатар елдерін қосқанда 59 ел қабылданды.