"Карлик" ескерткіш орнынан алынды

"Карлик" ескерткіш орнынан алынды

"Карлик" ескерткіш орнынан алынды
ашық дереккөзі
222

 Әлеуметтік желілердің қазаққа тағы бір пайдасы тиді. Өскеменде Ұлы Абайымызды қорлаған ескерткіш тұра берер ме еді кім білсін? Егер, әлеуметтік желілер арқылы дабыл қағылмағанда…

Ақыры “карлик” ескерткіш орнынан алынып тынды. 

www.tengrinews.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, ескерткіш әлі қабылданып алынбаған, әрі бір тиын да ақы төленбеген. Бұдан келіп туындайтын сауал, ескерткішті әкімшіліктің рұқсатынсыз, қабылдауынсыз алаңқайға әкеліп орнатқан кімдер? Оған кім рұқсат берген? Оны қабылдап алатын комиссия қайда қарап отырған. Мына ескерткіштің қабылданатынына әлде ескерткіш авторлары сенімді болды ма? Егер, ескерткіш мүсінді соққан адам шын мәнісінде, мүсінші, скульптор болса, өнерді, эстетиканы тани білуі тиіс қой. Өнерден, пропорциялық теңдіктерден жұрдай адам қалай, ұлы тұлғаның ескерткішін соғуға мүмкіндік алып жүр. Біріншіден, бұндай мүсіндерді жасауға тапсырыс берілсе, әуелі тендер өткізілмей ме? Тендер өткізілгенге дейін мүсінші өз мүсінінің суретін өткізіп, оның әкімшіліктің қаншалықты мақұлдағанын алдын ала білмеуші ме еді?! Бұл сонда қайдан көктен түскен ескерткіш. Əкімшіліктің ешқандай қатысы болмауы таңғалдырып тұр бізді.

Серіктес жаңалықтары