Құрамалар жеңіске жақындап келеді
Құрамалар жеңіске жақындап келеді
Бразилияда өтіп жатқан әлем
чемпионатындағы «С» тобының ойындары да өз мәресіне жетті. Қарсыластарымен өткен үш ойында да жеңіске
жеткен Колумбия құрамасы топтан бірінші орынмен
шықты.Колумбия құрамасы бұған дейін плей-офф жолдамасына ие болған. Осы топтағы қалған
үш команда бір жолдамаға таласты. Жолдамадан үміткер құраманың бірі – Жапония топ
ішіндегі соңғы ойынында Колумбия құрамасымен кездесті. Жапондық футболшылар
жақсы өнер көрсетті. Алғашқы таймда қарсыластарымен тең ойын көрсеткен Жапония
құрамасы екінші таймда ойсырап қалды. Колумбиялықтар есепті 4:1-ге жеткізді. Енді 1/8 финалда Колумбия
құрамасы Уругваймен кездеседі.
Үшінші тур ойынында Грекия мен Кот-д’Ивуар
құрамалары кездесті. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында ивуарлықтар басым қимылдап, шабуылға
жиі шығып тұрды.Ал гректер сауатты
қорғана білді. Шабуылдауды да естен шығармады. Ивуарлықтар тәртіпті жиі бұзды. Нәтижесінде
Грекия құрамасының пайдасына 11 метрлік айып добы тағайындалды. Осы ойында
жеңіске жеткен Грекия құрамасы енді Коста-Рикамен ойнайды.
Нигерия мен Аргентина құрамалары арасында өткен
кездесуде ойын есебі алғашқы 3-минутта-ақ ашылды. Есеп ашқан аргентиналық
Лионель Месси. Араға бір минут салып қарсы құрама есепті теңестірді. Тартысты
ойында қос құрама да бір-біріне есе жібермеуге тырысты. Дегенмен бірінші таймда
аргентиналықтар Нигерия құрамасын біраз тығырыққа тіреді. Допқа иелік еткен
Аргентина құрамасы жиі шабуылдар ұйымдастырды. Ойын нәтижесі 3:2.
Аргентиналықтар жеңіске жетті. Қос құрама да 1/8 финалға жолдама алды.
Босния және Герцеговина – Иран арасындағы кездесу3:1 есебiмен аяқталды. Бұл
ойында жеңілген Иран құрамасы плей-оффқа шығар жолдамадан айрылды. F тобындағы
қос құрамада чемпионатты әрі қарай жалғастыра алмайды. Босния және Герцеговина қоржынында 3 ұпай,
ал Иран құрамасында 1 ұпай ғана болған
еді. Ал бұл топта 1/8 финалдың жолдамасына
9 ұпаймен көш бастап тұрған Аргентина, 4 ұпайы болған Нигерия құрамасы ие
болды.