Ыдырысовтың сөзі бұрмаланған ба?

Ыдырысовтың сөзі бұрмаланған ба?

Ыдырысовтың сөзі бұрмаланған ба?
ашық дереккөзі
272

 

Естеріңізде
болса, Францияға сапарында Ерлан Ыдырысов аталмыш газетке сұхбат берген. Сонда журналистің
«Қазақстан «стан» жұрнағынан бас тарта ма?» деген сұрағына министр былай жауап
берген. «Бұл – бұқаралық ақпарат құралдарының шығарғаны. Оны шынайы
қабылдауға болмайды. Қазақстан Қазақстан болып қала береді» деген Ыдырысов. Сұхбат дәл осы мәліметпен көпшіліктің
назарын аударса керек.

“Мен журналистің сөзіне жауап бермеймін.
Францияда жүргенде, олар кездесуді сұрады. Мен кездестім. Біріншіден, шетелдік
журналист менің сөзімді тым бұрмалап жіберді. Мен “стан” жұрнағы
туралы ештеңе айтқан жоқпын. Ол менен былай деп сұрағаны есімде. “Мемлекеттің атауы өзгере
ме?”. Мен айттым, қазір бұл тақырып бұқаралық ақпарат құралдарында қызу
талқыланып жатыр. Бірақ жақын арада елдің атауы өзгермейді. Одан кейінгінің
бәрін олар ойдан шығарып жіберді. Журналистер шығармашылық ұжым ғой. Олар
өздеріне қалай ұнайды, солай жазып бере салған”, – деді Ерлан Ыдырысов таяуда журналистерге берген
сұхбатында. 

Биыл жыл басында Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Атырауға сапары барысында Қазақстан атауын «Қазақ елі” деп
өзгертуді ұсынған болатын. “Бірақ ол бастаманы жан-жақты талқылап
барып, іске асыру қажет”, – деді Мемлекет басшысы.


Серіктес жаңалықтары