Жеңген командалар ширек финалда бақ сынасады

Жеңген командалар ширек финалда бақ сынасады

Жеңген командалар ширек финалда бақ сынасады
ашық дереккөзі
381

 

Футболдан әлем чемпионатына қатысып жатқан құрамалар 1/8 финалдағы
кездесулерін бастап кетті. 1/8 финалдың алғашқы ойыны Бразилия мен Чили
құрамалары арасында өтті. Қос құрама арасындағы кездесудің алғашқы таймында
есеп тең болды. Алғашқы есепті бразилиялық Давид Луиз
ашқан болатын. Араға он бес минут салып қарсы құрама ойыншысы Санчес есепті
теңестірді. Есеп 1:1. Осы нәтиже ойын соңына дейін сақталды. Тіпті, қосымша уақытта да
командалар есепті өзгерте алмады. Тек ойын соңындағы пенальтиде ғана Бразилия
құрамасы 3:2 есебімен алға шықты. Осылайша алаң иелері ширек финалға өтті.

Бұл кезеңдегі екінші ойын Колумбия мен Уругвай құрамалары арасында өтті.
Колумбиялық Хамес Родригес бұл ойындағы екі бірдей голдың авторы. 2:0 есебімен
жеңіске жеткен Колумбия құрамасы ширек финалға жолдама алды. Енді ширек финалда
Колумбия мен Бразилия құрамалары сынға түседі.

Голландия және Мексика құрамалары арасында өткен ойын 2:1 есебімен
аяқталды. Жеңіс голландиялықтардың еншісінде. Бірінші таймда біршама шабуылдар
жасалғанымен, барлығы сәтсіз аяқталды. Есеп тек екінші таймда ғана ашылды. Ойынның
48-минутында мексикалық Дос Сантос есеп ашты. 88-минутта Снейдер ойын есебін
теңестірді. Қосымша уақытта төреші белгілеген айып добы Голландия құрамасын
ширек финалға өткізді. Голландияның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Серіктес жаңалықтары