Бодрум: 140 ТУРИСТ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бодрум: 140 ТУРИСТ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

Бодрум: 140 ТУРИСТ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
ашық дереккөзі
181

Үш күн бойы елге қайта алмай діңкелеген Бодрумдағы қазақ туристері кеше елге оралды. Олар шабадандарын жинастырып қойып, әуежайларға телміріп отырғандығы және нақты дерек ала алмай наразы болғандығын әлеуметтік желілер арқылы таратқан болатын.

Соңғы кездері шекара сыртына демалам деп барып,
көңіл-күйлері бұзылып қайтатын отандастар саны артты. Үстіміздегі жылдың 26 маусымына елге оралу үшін
ұшаққа билет алған 140 отандас жайлы қысқаша мәлімет берумен шектелген
«Гүлнар-Тур» компаниясының қызметкерлері сөзге сараң. Олар екі күннен бері
қазақстандық туристердің компания есебінен тамақ ішіп, қонақүйде тегін тұрып
жатқанын жеткізген еді. Алайда. Бодрумнан әлеуметтік желілер арқылы белсенді
түрде хабар таратып жатқан әріптесіміз Ержан Сүлейменов басқаша айтады: «Бір
қызығы, біз қонақүйдегі бөлмемізді тапсырдық та, шабадандарымызды фойеге
қойдық. Егер ұшақ болмаса, қонақүйге түнейтінімізді айттық. Олар бізге жарайды
деді. «Теңізге шомылыңдар, ішіңдер, жеңдер деді. Бірақ нөмірді тапсырғаннан
кейін бірден қолымыздағы білезікті шешіп алды да, бізге тегін тамақ ішуге,
тіпті, Интернетті қолдануға тыйым салды».

  Ұшақтың кешігуін техникалық
ақаулардан көрген «Гүлнар-Тур» өкілдері бұзылған әуе кемелері Jet airlines компаниясының
ұшақтарымен ауыстырылады деген еді. Бодрумда қаңтарылған
қазақстандық туристер болса, нақты ақпарат ала алмай, діңкелері құрып отырғандығын мәлімдеген. Ержанның
айтуынша, оларға «SCAT» компаниясының қызмет көрсетілетіні ескертілген:
«Ұшақты күтіп отырмыз. Менің білуімше, «SCAT» Анталья арқылы туристердің
жартысын алып кетуі тиіс. Негізі біз 26 маусымда сағат 19.00-де ұшуымыз керек
еді. 27-сіне шегерді, кеше әуежайға барғанда ұшақтың бұзылып қалғанын айтты» деген еді ол.

  Бодрумдағы бұл оқиға алғашқы
рет емес. Бұған дейін Түркияға барып, теңіз жағасында демалғысы келген туристер
3 күн бойы күтуге мәжбүр болған. Болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасаған
компания өкілдері қазақстандық Jet Airlines компаниясының кемелеріне рұхсат
бермеген Түркиядағы құзырлы органдарды кінәлады. Сонымен қатар «Гүлнар-Турдың»
Ақтөбе, Қостанай, Шымкенттен Антальяға ұшуға дайындалған клиенттері де уақытылы
ұша алмады. Қостанайдағы туристерді 3 күн бойы күттірген ақаулы ұшақ көкке
көтерілген бойда қайтадан Жерге қонуға мәжбүр болған. Сол кезде ұшақта болған
127 жолаушы өздерінің аман-есен жерге қонғандарына шүкіршілік етіп, «Гүлнәр
тур» компаниясынан бұзылған ұшақтың орнына басқасын талап етті. Қаншама
жолаушыға иманын үйірткізген ұшақтың не себепті бұзылғанын «Гүлнәр тур»
компаниясы ресми түрде түсіндірген жоқ. Оған дейін осы компанияға тиесілі
чартерлік рейстердің бірнеше рет кешіктірілгені бар еді. Келеңсіздіктің себебін
Бодрумнан Антальяға ұшатын Jet Airlines әуе кемесіне төпелей жауған бұршақтың
зиян келтіруімен түсіндірген «Гүлнар-Тур» компаниясын құзырлы органдар
тексеруге қақы жоқ. Өйткені мораторий жарияланған дейді «ұзынқұлақ». Бірақ әуе
кемелерінің адам тағдырына тікелей қатысы барын ескерсек, мораторийлердің
жариялануы қисынсыз. Техниканың жай-күйі жүйелі түрде қатаң қадағаланып
отырмаса, арқа-басты кеңге салған кейбір компания адамдар тағдыры, қауіпсіздік
ережелері сияқты маңызды мәселелерді де «естен шығарып» алуы мүмкін. Демек, әуе
компанияларының ұшақтары мен жұмысы құзырлы органдардың жыл он екі ай
бақылауында болуы тиіс.


Серіктес жаңалықтары