«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен»

«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен»

«Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен»
ашық дереккөзі
176

1 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан журналистер Одағы «Қазақстан – шетелдік БАҚ көзімен» атты халықаралық бәйгенің қорытындысын шығарды.

Бәйге заманауи Қазақстанның экономикасы, мәдениеті, өнері мен көпжақтылығы жөнінде шетелдік БАҚ-тардың сапалы, объективті материалдарын алу мақсатында, сонымен қатар осы тақырыптар аясында айтарлықтай жарқын репортаж, очерк және сараптамалық-талдау материалдардың авторларын ынталандыру мақсатында 2014 жылғы 1 сәуір мен 15 маусым аралығында өткізілді.

Географиялық тұрғыдан бәйге Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және ТМД елдерінің журналистерін қамтыды. Бәйге ережелеріне сәйкес жоғарыда аталған аймақтардан бір-біреуден бес жеңімпаз анықталып, оларға жүлде ретінде Алматы, Астана немесе Бурабайға сапар ұйымдастырылатын болады. Бәйге жеңімпаздарына ұшып келу/кету, тұратын орын, мәдени бағдарлама, ресми тұлғалармен, ғалымдармен, сарапшылар мен журналистермен кездесулер ұйымдастыру қарастырылған.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Қазақстан журналистер Одағының басқарма Төрағасы Сейітқазы Матаев, «Rixos Almaty» қонақ үйінің Бас менеджері Ибрагим Челикт және «Эйр Астана» АҚ-ның қоғаммен байланыс жөніндегі Вице-президенті Белла Тормышевадан құралған бәйге комиссиясы 23 елден келіп түскен 42 жұмысты бағалады.

Америка елдерінен жеңімпаз болып әр түрлі елдерден бола тұра бірін-бірі тапқан адамдардың тағдыры туралы әсерлі мақала жазған, сонымен қоса Қазақстан мен Гаяның кейбір дәстүрлерінің, әсіресе ұлттық асханалардың ұқсастығын сайтта (www.kaieteurnewsonline.com) сипаттай білген Гаянаның журналисі Нил Маркс (Neil Marks), Еуропадан жеңімпаз ретінде Қазақстандағы қайта жаңартылатын энергия көздерінің даму болашағы мен Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме туралы Brussels Diplomatic (www.brusselsdiplomatic.com) басылымында мақала жазған Бельгиялық журналис Сибиль Грейндл (Sibylle Greindl) анықталды.

Малайзиялық журналис Нуршазлин Нуразманды (Norshazlina Nor’azman) жеңімпаз деп танылды. Таяу Шығыс елдерінен ең жақсы басылым ретінде таңдау Қатарлық журналист Хусейн Ахмадқа (Hussain Ahmad) The Peninsula Daily (www.thepeninsulaqatar.com), ТМД және таяу орналасқан шетел елдерінен қазылар алқасы украиналық Светлана Островскаяны оның Wellness (www.wellness.org.ua) жеңімпаз деп танылды.

С.Матаев өз кезегінде, қарастырылған жұмыстар Қазақстан тарихы, мәдениеті, елді мекендейтін ұлттардың салты мен дәстүрлері бойынша сайыскерлердің жетік білімдерін көрсетті. «5 континенттің БАҚ өкілдері сайысқа түсуге қызығушылық білдіргенін және еліміз туралы тамаша жұмыстар жазылғанын атап өткен жөн», – деді С.Матаев.

Жеңімпаздардың жұмыстары ҚР Сыртқы істер министрлігінің вебсайтында онлайн тәртібінде қол жетімді болады.

Серіктес жаңалықтары