Марат Тәжин Интеграциялық клубтың отырысына қатысты

Марат Тәжин Интеграциялық клубтың отырысына қатысты

Марат Тәжин Интеграциялық клубтың отырысына қатысты
ашық дереккөзі
199

30 маусымда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Марат Тәжин РФ Федерация Кеңесінің Төрағасы жанындағы Интеграциялық клубтың отырысына қатысты.«Еуразиялдық экономикалық одақ: жаңа сұрақтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өткен басқосуда Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенко: «Жетекші үштіктің экономикалық өзара ықпалдастығының қазіргі ахуалы туралы сөз қозғағанда, интеграция – абстрактілі жоба емес, мемлекеттеріміздің экономикаларының тиімдірек дамуының, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсаруының  бірден бір мүмкіндігі екенін ескеру маңызды. Интеграцияға қол жеткізу ТМД басқа елдерін жетекші үштікке қосылуға түрткі болады. Бұған Армения мен Қырғызстан мысал бола алады. Сонымен қатар, ТМД кеңістіктен тыс елдер де біздегі интеграциялық үрдістерге қызығушылық білдіріп жатыр». 

Қазақстандық дипломат ЕАЭО елдеріндегі экономикалық белсенділік төмендегенде мүше-мемлекеттер өзара сауданы көтеру, инвестициялық бағыттарды ынталандыру мен бизнес-климатты жақсарту үшін елеулі күш-жігер салу керек екенін айтты. Клуб отырысының қатысушылары интеграциялық үдерістерге түсінектемелер беріп, Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекеттері азаматтарына әкелетін пайдасы мен тиімділігі кеңінен жарияланатын бірыңғай ортақ медиа кеңістіктің құрылу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Марат Тәжин Владимир Путинге сенім грамотасын табыстады. Сенім грамотасын табыстау рәсімінен кейін Владимир Путин: «Қазақстан біздің негізгі әріптесіміз және стратегиялық одақтасымыз. Екіжақты және халықаралық күн тәртібінің барлық бағыты бойынша Қазақстанмен өзара қатынастың ашық және сенімді сипатын жоғары бағалаймыз. ХХІ ғасырдағы көршілік пен одақтастық туралы Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімшартта айқындалған барлық бағыттар бойынша Астанамен ынтымақтастығымызды одан әрі арттырамыз. Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылатын Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруда қоян-қолтық еңбек етеміз деп сенемін», – деді. Кремльде Қазақстаннан басқа тағы 13 елдің димломатиялық өкілдіктері Ресей президентіне сенім грамоталарын ұсынды.

Серіктес жаңалықтары