Немістер чемпиондыққа үміткер

Немістер чемпиондыққа үміткер

Немістер чемпиондыққа үміткер
ашық дереккөзі
179

Футболдан әлем чемпионатының жартылай финал ойындары өте бастады. Алаң төрінде жартылай финалда кездескен Бразилия мен Германия құрамасы арасындағы ойында күтпеген оқиғалар орын алды. Бразилия құрамасы немістерден ойсырай жеңілді. Мұндайды күтпеген Бразилия құрамасының жанкүйерлері наразылық шараларын ұйымдастыруға дейін барды.

Немістердің қақпаға бағыттаған доптары 11-минуттан бастап голға айнала берді. 18 минут ішінде немістердің 5 добы Бразилия құрамасының қақпасынан табылды. 11-минутта есеп ашқан  Мюллердің әріптестері әрі қарай да табысты ойын көрсетті. 23-минутта Клозе, 24, 26-минуттарда Кроос, 29-минутта Хедира гол салып, есепті 5:0-ге жеткізді. Алғашқы таймнан кейін-ақ еңселері түсе бастаған Бразилия құрамасының ойыншылары Германияның аса өткір шабуылдарына төтеп бере алмады. Жартылай финалда бразилиялық Неймар ойынға қатыса алмады. Бразилия құрамасының жеңіліске ұшырағанын көпшілік Неймардың жоқтығынан деп түйіндеді. Ойынның екінші таймында да немістер шабуылдауын тоқтатқан жоқ. Ойынның 69, 79-минуттарында Шюррле есепті еселеді. Есеп 7:0. Бразилия құрамасының жанкүйерлері алаңнан тарай бастады. Оларға есеп теңестіруге еш мүмкіндік қалмады. Немістер сенсация жасады. Матчтың соңғы 90-минутында бразилиялық Оскар немістер қақпасына 1 добын жолдап, ойынды аяқтады.

Осы ойыннан кейін Германия құрамасының ойыншысы Мирослав Клозе әлем чемпионаты тарихындағы ең көп гол салған мерген атанды. 16 гол салған Клозеге дейін бұл тізімнің көш басында бразилиялық Роналдо тұрған еді.

Чемпионадық атақ үшін Германиямен таласқа түсетін команда алдағы Аргентина мен Голландия құрамалары арасындағы ойыннан кейін анықталады.

Серіктес жаңалықтары