"Гүлнар турдың" 700 миллион қарызы бар

"Гүлнар турдың" 700 миллион қарызы бар

"Гүлнар турдың" 700 миллион қарызы бар
ашық дереккөзі
217

 «Гүлнар тур». Бұл жарнама емес. Ел аралап, жер көргіштер де, шетелге шықпайтындарға да жақсы мәлім. Жарнамасы жер жаратын агенттікті естімеген жан жоқ шығар.

Өзінен бұрын аты елдің аузында жүрген «Гүлнар тур» тағы да қалың
жұртшылықтың назарында.

Қарағанды, Ақтөбе және тағы басқа қалалардың тұрғындары аталмыш агенттіктен
Түркияға жолдама алған. Алайда дәл ұшатын күні рейс кейінге қалдырылып,
демалысты біржола қоя тұруға тура келген. Мәселен, Қарағанды қаласының 160
тұрғыны Түркияға ұша алмай, келген ұшақ кері қайтарылған. Мұндай оқиға Ақтөбе
қаласында да тіркелді. Демалушылар жауап іздеп, төленген ақшасын қайтарып алуға
тырысқанмен, «Гүлнар турдың» қаражаты жоқ. Банкротқа ұшыраған. Бұл жағдай
қыстан бері белгілі болса керек, бірақ демалушыларға жолдама сату
тоқтатылмаған.

Агенттіктің филиалдары бүкіл Қазақстанда бар. Мәселен, Өскемен әуежайынан
осы фирмадан жолдама сатып алған 200 жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Ал шетелге
барып қойған жолаушылар Қазақстанға жете алмай әлек. Түркияның Анталия, Бодрум
жағажайларына барған қазақстандықтан бірнеше тәулікке қалып қойды. Ел Үкіметі
арнайы ұшақ жалдап, отандастарды елге қайтарды. Ал ақшасын қайтарып алмаққа
тырысқан халық, сақтандыру полисін де пайдалана алмады. Себебі компания
міндетті сақтандыру жасамаған.

“Гүлнәр
тур” отандық және шетелдiк әуе компанияларына 700 млн теңге қарыз болып
қалған. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация
комитетiнiң төрағасы Бекет Сейдахметов мәлiмдедi. “Бiз 30 маусымға дейiн ғана рұқсат
бердiк (Түркиядан жолаушыларды тасымалдайтын әуе компаниясының лицензиясы осы
күнге дейiн ғана жарамды болған – автор). Бұл борт 28 маусым күнi тоқтаған едi.
Проблема 2 шiлдеден басталды. “Atlas Jet” жолаушыларды тасымалдауын
тоқтатты. Бiзде аталмыш компанияның хаты да бар. Онда “Гүлнәр турдың”
соңғы үш рейске ақша төлемегендiктен, жолаушылар тасымалдауды тоқтатындығы
айтылған. Бiз әуе компанияларына сұраныс жолдаған едiк. Нәтижесiнде,
“Гүлнәр турдың” отандық және шетелдiк әуе кәсiпорындарына 700 млн
теңге қарызы бары анықталды”, – дейдi Б.Сейдахметов. Азаматтық авиация
комитетi төрағасы: “Гүлнәр тур” жолаушыларды тасымалдау жөнiндегi
лицензияның 30 маусымда тоқтайтынын білген. Соған қарамастан, агенттік Түркияға
билеттердi сатуды тоқтатпаған», – деді.

Алдағы уақытта
“Гүлнәр тур” компаниясына қатысты жағдай қайталанбас үшiн және алдын
алу мақсатында кеше Көлiк және коммуникация министрiнiң басшылығымен мәжiлiс ұйымдастырылды.
Оған Туризм комитетi, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Туристiк қауымдастықтың
өкiлдерi қатысып, арнайы жұмыс тобын құру туралы шешiм қабылданған. Жұмыс тобы
көлiк саласындағы нормативтi-құқықтық актiлердi зерттеп, тиiстi ұсыныстар
енгiзбек.
Бүгінде
агенттіктен зардап шеккен туристер үшін арнайы байланыс ашылып, әрқайсысының
шағымы бойынша іс қаралуда.


Серіктес жаңалықтары