ТҮРКИЯДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАЛАЙ ЕКІ ҚҰРЫЛТАЙҒА АЙНАЛДЫ?

ТҮРКИЯДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАЛАЙ ЕКІ ҚҰРЫЛТАЙҒА АЙНАЛДЫ?

ТҮРКИЯДАҒЫ КІШІ ҚҰРЫЛТАЙ ҚАЛАЙ ЕКІ ҚҰРЫЛТАЙҒА АЙНАЛДЫ?
ашық дереккөзі
244

Ыстамбұлдағы
қазақ мәдени орталығы Қазақ Түркілері Уакфы (Түркия қазақтары қоры) биыл жыл басында
29-31 шілде күндері кіші құрылтай өткізуді жоспарлаған болатын. Алматыдағы Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығы да құрылтайға 16 адамдық делегациямен қатысатынын мәлімдеген
еді. Бірақ құрылтай мезгілі жақындаған уақытта қор мен қауымдастық арасында келіспеушілік пайда
болды. Сол келіспеушілік салдарынан Қауымдастық
басқармасы Түркия қазақтары қоры ұйымдастырған құрылтайға қатыспау және оның орнына
өзінің Ыстамбұлда жеке құрылтайын өткізу туралы шешім қабылдаған.

3b03383c02e3c26b96c34dcf8a921c5c.jpg

Сонымен Түркияда 29-31 шілде күндері
бір мезгілде екі құрылтай өтетін болып отыр.Оның біріншісі, Түркия қазақтары қорының кіші қазақ құрылтайы, екіншісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының кіші қазақ құрылтайы.

Осылайша бірлік-берекеге, ынтымақтастыққа дәнекер болатын кіші құрылтайдың
ораза айт күндеріне дөп келетін 29-31 шілде күндерінде жіктелушілікке себеп болатыны
айтылуда. Оған Түркия қазақтары қорының қауымдастықтан 10 мың доллар көлеміндеқаржылай демеушілік
сұрауы себеп болып отыр.

Қор төрағасы Пазыл Топлы “Қауымдастық Еуропада өткен кіші құрылтайларға
7000-8000 еуродан қаржылай көмек бергені үшін біз
де сондай көмек сұраған едік. Сонда бізге “2500 доллардан артық көмек бермейміз,
осыған қанағат етіңдер, етпесеңдер басқа қоғаммен жұмыс жасаймыз” деп жауап қайтарылды”
дейді.

Сөйтіп қауымдастық Ыстамбұлда екінші бір құрылтай өткізетін бір қоғам
іздей бастаған, таба алмағаннан кейін “Казак түрклері егітім уе араштырма дернегі”
(Түркия қазақтары білім және зерттеу қоғамы) деген атпен жаңа бір қоғам құрғызған.
Сонымен қауымдастық Ыстамбұлда өзінің жеке құрылтайын өткізу үшін заңды серіктестігін
пайда еткен.

Қауымдастық пен қор арасындағы демеушілік туралы келіспеушілік Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы қазақ құрылтайында  «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл-ауқат қорының кіші
құрылтайларға қаржылай көмек беруі жөніндегі тапсырмасымен тікелей байланысты. Естеріңізге
сала кетсек, Елбасы 2011 жылы, 25-26 мамыр күні Астанада өткен құрылтайда былай
деген еді:

a8a5cd0f7f85f3632528275db1051806.jpg

«Біз шетелдердегі Кіші құрылтайдың өткізілуін
құптаймыз. Осыған байланысты бұл құрылтайларға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат
қоры қолдау көрсететін болады. Қазақстан дүниедегі әр қазақтың қастерлі
құбыласы. Қазақстан –
әлемдегі
барша қазақтың құтты қара шаңырағы. Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе
де, қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытпауы керек
»

Елбасының осы сөздері бұған дейін кіші құрылтайларды өз мүмкіншіліктерімен
қаржыландыруға күш жұмсап келген шетел қазақтарының барлық делегаттары тарапынан
қолданды. Өйткені, кіші құрылтайларда қысқа жіп күрмеуге келмейді дегендей кейде
қаржы тапшығылынан кемшіліктерболып қалатын. Мәселен Еуропада мыңнан аса адам қатысатын құрылтайларды
ұйымдастыру барысында үлкен конференция немесе концерттік залдарға қаржылай күш
жетпегендіктен, спорттық залдарда бас қосуға тура келетін. Ондай залдарда айтылған
сөздің де, әннің де сәні келмейтіні белгілі. Міне кіші құрылтайлардағы мұндай қиындықтарды
ескерген Елбасы әлемнің барша бірегей тәуелсіз мемлекеті Қазақстанның арқасында
кіші құрылтайларын қиналмай өткізуіне, жиі бас қосып қазақтық болмыстарын сақтап
қалуына жанашырлық танытып үлкен қолқабыс еткен еді.

33c29745e0c85def8bd6efbc732a14fe.jpg

Астана құрылтайынан кейін шетел қазақтары дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан
кіші құрылтайлардың дайындығына зор үлес қосатынын үміт еткен еді. Атап айтқанда
қауымдастық кіші құрылтайларды ұйымдастыру үдерісіне қатысып,оған қанша шығын жұмсалатынын белгілеп бүкіл шығындарды қаржыландыруы
үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан
демеушілік алып береді депкүтілді. Бірақ іс-жүзінде Елбасының бұл жөніндегі тапсырмасы толық орындалмай отыр. Қауымдастық
басқармасы бұл тапсырманы тек өзінің қызметкерлері мен концерт қоятын және басқа
ұлттық өнер көрсететін қонақтарының кіші құрылтай өтетін елге жасайтын сапарының шығындарын қаржыландыру үшін қана пайдаланды. Дегенмен қауымдастықтың
барған елдеріндегі кіші құрылтайларды ұйымдастырған қоғамдарға шығындарының бір
бөлегіне қолдау жасап,ақшалай сыйлық беріп келгені дешындық.

Қауымдастықтың
кіші құрылтайлардың ұйымдастырылуына осылайша жарым-жартылай
қол ұшын беруі – шетелдегі қазақ диаспорасықоғамдарының үмітін ақтамады. Мәселен, жыл сайын кіші құрылтай өткізуді
дәстүрге айналдырған Еуропа қазақтары федерациясы
да бұл туралы мазасыздығын өткен жылы қазақ баспасөзіне Еуропадағы 10 қазақ
қоғамы атынан жіберген ашық хатында тілге тиек еткен еді. Сол хатта қауымдастық делегациясынын құрылтайларға
ұйымдастырушы немесе демеуші ретінде емес, қонақ ретінде қана қатысып қайтып жатқаны
баса көрсетілді. (http://i-news.kz/news/2013/08/02/7124987-aikyn_gazetine_ashyk_hat.html)

00f45a940936754d237303b6a0e24122.jpg

Еуропа Қазақ Қоғамдары Федерациясы сонымен қатар «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан Елбасы тапсырғандай бүкіл шығындарына демеушілік ала алмағандықтарын
әйгілеу үшін 2012 жылдан бері қарай кіші құрылтайларға қауымдастықтаң алған қаржылай
көмектің сомасын нақты көрсетуді қажет деп тапқан. Федерацияның ресми сайтында аталып
өтілуінше, Қауымдастық биылғы Берлин кіші құрылтайына 8600 Еуро, 2013 Париж құрылтайына
7000 Еуро, 2012 Дания құрылтайына 7500 Еуро көмек көрсеткен.

Қауымдастық Түркияда өтетін кіші құрылтайға 2500 доллар, яғни
1750 Еуро қаржылай көмек көрсете алатынын айтқан. Қор басшылығы бұл соманын аз екенін,
тым болмаса Еуропа елдеріндегі құрылтайларға жасалған көлемде көмек берілуін, я
болмаса «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл-ауқат қорынын тиісті қызметкерлердің байланыс мәліметтерін
беруін, сөйтіп «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл-ауқат қорынан тікелей демеушілік алуларына ұлықсат етілуін
сұраған.

Қауымдастық басқармасы бұған келіспеген және Түркия қазақтары
қорымен құрылтай өткізуден бас тартқан. Оның орнына 4 шілде күні жаңа құрылған қоғамға
ресми хат жіберіп 29-31 шілде күндері бірігіп құрылтай өткізетінін айтқан. Бұл жағдайға таң қалған Түркия қазақтары қоры басшлығы демалыста жүрген Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқа төрағасының І орынбасарыТалғат
Мамашевке телефон соғып, қауымдастық хатшысы Ботакөз Уатқанға хат жіберіп 10 мың
доллар бермеу үшін жеке құрылтай өткізу шешімінің кіші құрылтайлар тарихында
бұрын- соңды болмаған шуға ұласатынын,
сол себепті бұл қадамнан бас тартуларын өтінген. Айрықша Қазақстан үкіметі көші қонды күшейтіп,
оралмандарға азаматтық алуды бір жылға қысқартып диаспорамен байланыстарды
күшейтуді қолға алып жатқан кезде қауымдастық пен құрылтайлардың беделін
түсіретін іс-әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығын да атап өткен.

Әйтегенде Түркияда екі құрылтайдың бір мезгілде өту себебін Қазақстан
халқына, Түркия мен өзге қазақ диаспораларына түсіндіруге тура келетінін, мұнан
болса  қауымдастықтың беделіне нұқсан келетіні
ескертілген. Хатта сонымен қатар, егер «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Қауымдастықтың Түркиядағы кіші құрылтай үшін сұраған ақшаны
қысқартқан болса немесе Түркия қазақтары қорының шығындары үшін де демеушілік
сұрау ескерілмеген болса, Түркия қазақтары қоры қауымдастықтан ешқандай
қаржылай көмек алмастан кіші құрылтайды өткізетіні де айтылған.

Түркия қазақтары қоры алыс шетел қазақтары ішінде бірінші болып
кіші құрылтай өткізген еді. Қор Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен 1997
Ыстамбұлда өткізген сол құрылтайдың шығындары үшін демеушілерді Түркиядан тапқан
еді. Өйткені ол кезде Қауымдастық төрағасы болған Қалдарбек Найманбаевтің
құрылтайлардың бүкіл шығындарын көтеретін мүмкіншілігі жоқ еді. Ол тек өзінің делегациясы
үшін Қазақстандық іскер азаматтардың қаржылай көмек қамтамасыз ететін.  

1986 жылы іргесі қаланған Түркия қазақтары қоры атамекенмен байланысты
нығайтумен қатар жас өспірімдердің ана тілін, салт дәстүрін сақтап қалуы үшін де
қызмет атқаруда. Мәселен биыл ақпан айында жастар үшін домбыра және ұлттық би курстарын
ұйымдастырды. Сол курстарды бітіріп шыққан 60 жасқа сертификаттары маусым айында
тапсырылды. Қор сонымен бірге қазақтың ұлттық мейрамдарын да атап өтуге ерекше
мән беруде. Мәселен наурызбен қатар Қазақстан тәуелсіздік күні, Астана күні және
Президент күні сынды мерекелер аталып,Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстарының
нығаюына күш жұмсауда.

Қор биылдан бастап Түркия қазақтарының кіші құрылтайын жыл сайын
өткізу туралы шешім қабылдаған. Ол үшін тамыз айының бас кезі белгіленген. Бірақ
биыл ораза айтқа дөп келгендіктен шілде айының соңғы күндері өткізу ыңғайлы
болған. Өйткені бұл мезгіл Еуропадағы қазақтардың көпшілігінің демалыстарын Түркиядағы
туыстары арасында өткізетін кез. Сөйтіп жыл сайын осы құрылтайларда көптеген қазақтың
басы қосылмақ. Сонымен қатар кіші құрылтайда жастар үшін футбол турнирі де ұйымдастырылуда.
Футбол Түркия және Еуропа қазақ жастарының көпшілігінің ең жақсы көретін спорты.
Осы спорт арқылы жастардың өзара танысып біте қайнасулары көзделуде. Сонымен бірге
турнирде жеңіске жететін командаларға берілетін додаға да жастардың ұлттық және
тарихи санасын күшейту барысында жыл сайын Кенесары Қасымұлы, Махамбет
Өтемісұлы, Оспан батыр, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай сынды қазақтың бір батырының
немесе мемлекет қайраткерінің атын беру жөнінде шешім қабылданған. Мәселен биылғы
доданың аты Қазақстанда 300 жылдығы тойланған  “Ер Жәнібек батыр:достық және бауырластық додасы” деп атау
ұйғарылған. Биылғы жастар футбол турниріне Түркияның Ыстамбұл, Конья, Нигде, Салихли
қалаларынан 8 футбол командасы қатысу үшін тіркеліп отыр. Түркия қазақтарының кіші
құрылтайында сонымен қатар қазақ қоғамдарының өкілдері мен ғалымдарының қатысуымен
“60 жылдығында Түркия қазақтарының кешегісі, бүгінгісі, ертеңгісі және атамекенмен
байланыстары” туралы құрылтай жиналысы да өтетін болады.

Түркия қазақтары қор басшылығы қауымдастық өкілдері қатысса да,
қатыспасада Түркия қазақтары кіші құрылтайын өткізетін болып отыр. Қауымдастық
хатшысы Ботакөз Уатқан болса Түркия қазақтары ұйымдастырған кіші құрылтайға
қатыспайтындықтарын, жаңа құрылған Түркия қазақтары білім және зерттеу қоғамымен өз
алдарына екінші бір құрылтай өткізетіндіктерін айтуда. Ол шілде айының 14-і күні үш күнге Ыстамбұлға сапарлап
келіп жана қоғам  басшылығымен танысу
жиналысын өткізіп құрылтай дайындықтары туралы мәлімет алған. 

Сөйтіп 29-31 Шілде күндері Ыстамбұлда бір мезгілде екі құрылтай
өткізілетін болып отыр.

Әбдіуақап Қара

Серіктес жаңалықтары