ҮШІНШІ РЕТ ҮЗДІК АТАНДЫ

ҮШІНШІ РЕТ ҮЗДІК АТАНДЫ

ҮШІНШІ РЕТ  ҮЗДІК АТАНДЫ
ашық дереккөзі
156

«Эйр Астана» Skytrax агенттігінің нұсқасы бойынша «Орталық Азия мен Үндістанда үздік әуекомпания» атағын үшінші рет растады

Ұлттық әуетасымалдаушы Skytrax 2014 World Airline Awards беделді сыйлығының «Орталық Азияда және Үндістанда үздік әуекомпаниясы» деген атағы және 4 жұлдызды рейтингісінің иегері болды. Оған қоса, «Эйр Астана» «Орталық Азияда және Үндістан-да­­ үздік борттық қызмет көрсету» сыйлығымен марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Фарнборо қаласында (Ұлыбритания) өткен авиашоу шеңберінде өтті.

Skytrax рейтингтік агенттігінің World Airline Awards халықа­ра­лық тәуелсіз сыйлығы жолаушылардың әуекомпанияларға қанағаттану­шы­­лығын өлшеуге арналған әлемдегі негізгі құрал. Зерттеудің бірегей пішімі түрлі класпен саяхаттайтын жолаушылардың бағаларын талдауға негізделеді. 

Жолаушы­ларға жерде және әуеде қызмет көрсету бойынша сауалнама телефон, онлайн және ауызша сұрау арқылы 10 ай бойы жүргізілген. Әуекомпаниялар қызметінің сапасы қызмет көсетудің және қызметтердің негізгі түрлерінің бірқатар көрсеткіші бойынша, соның ішінде тіркеу, бортқа отырғызу, жолаушы креслолардың жайлылығы, салон тазалығы, тағам және сусындар сапасы, ойын-сауық жүйесі мен бортта қызмет көрсетумен қоса бағаланады. Зерттеу ірі халықаралық әуетасымалдаушыдан шағын ішкі әуетасымалдаушыға дейін 200 астам әуекомпанияны қамтыған.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер: «Эйр Астананың» қызмет көрсетудің ең жоғарғы стандарттарын қамтамасыз ету бойынша еңбегі World Airline Awards сыйлығының үш дүркін лауреаты атануына жеткізді. 4000-нан астам әрбір қызметкеріміз «Эйр Астананың» Орталық Азиядағы жетекші тасымалдаушы болып қалуына өз үлесін қосқанын мақтан тұта алады», – деді. 

 Шынар Сәметова

Серіктес жаңалықтары