Сәрсекбаевтың әрекетіне анасы да аң-таң
Сәрсекбаевтың әрекетіне анасы да аң-таң
Естеріңізде болса, ол өзін бала кезінен
боксқа баулығын нағашы ағасына жұрт алдында берген пәтерін даулап, қайтарып алу
мақсатымен сотқа берген еді. Сөйтіп, өзін де, туысы әрі жаттықтырушысын да
халық алдында масқара еткен болатын. Ол бапкеріне пәтерді бергенін мойындағанмен, тек
Махмудов алдын ала келісілгендей өзіне артылған міндетті орындаған жоқ дейді.
Алайда, Астана қалалсы Сарыарқа аудандық соты бокстан Олимпиада чемпионы Бақыт
Сәрсекбаевтың баспана келісімшартын жалған деп табуды талап еткен арызын
қанағаттандырмады. Сот шешімі
бойынша, жаттықтырушысы Кәрім Махмұдов пен Гүлнар және Ерболан Сағынбаевтар
арасында пәтерді сату және сатып алу бойынша жасалған келісімшарт күшін
жоймайды. Ал, оның күшін жою туралы сотқа шағым түсірген Б.Сәрсекбаевтың арызы
қанағаттандырылмаса да, алған бетінен қайтпаған боксшы ақыры пәтерін тартып
алыпты. Яғни, кассациялық сот ешкім ойламаған жерден алдыңғы шешімді өзгертіп,
кезінде чемпионға демеушілер сыйға тартқан пәтерді Сәрсекбаевқа қайтарып берген.
Ал 2008 жылы Бейжіңде Сәрсекбаевтың жұлдызын
жандырған бапкер отбасымен, шәкірттерімен Алматыда пәтер жалдап тұруға мәжбүр. “Біз
зпәтерде 10 адам тұрамыз. Қасымда оқушыларым бар. Бақыт маған берген
пәтерін алып қойып отыр”, – дейді
бапкері Кәрім Махмұдов. Сорақысы сол, жаттықтырушы да ерегіске бой алдырғаны соншалық, Жоғарғы
сотқа шағым түсіретінін айтады. Енді боксшының осы әрекетінен анасы жерге қарап
отыр. “Күллі елге масқара болды. Қазақстанға
ғана емес, Өзбекстанға да масқара болды. Бақыттың ісіне барлығы күліп жүр.
Ақылынан алжасқан сияқты”, – дейді Бақыт Сәрсекбаевтың анасы Валентина
Рахманова.
Ол бұдан бөлек, жақында Шымкентке барған
сапарының бірінде ішімдікке тойып алып, қонақүйдің күзетшілерін соққыға
жығыпты. Соған қарағанда, Сәрсекбаевқа қатысты шу әзірге басылмайтын сияқты.