226
АҚАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА КЕЛЕ АЛМАДЫ
АҚАЕВ ҚЫРҒЫЗСТАНҒА КЕЛЕ АЛМАДЫ
3 тамызда Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаевтың туған ағасы Болат Ақаев 81 жасында қайтыс болды. Осыған байланысты, ел ішінде Асқар Ақаев ағасын жерлеуге қатысуға келеді екен деген сөз шыққан. Бірақ бұрынғы Президент ағасының қабіріне топырақ салуға келе алмады. Бұған себеп – республиканың бас прокуроры Аида Салянованың «Егер Асқар Ақаев Қырғызстанға келсе, оның туысқандарына (ұлына) байланысты сұрауларымыз бар» деп мәлімдегені болса керек. Белгілей кетсек, қазір Мәскеуде тұрып жатқан Асқар Ақаевқа Қырғызстанның құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық іс қозғалған емес.
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі