ТАШКЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

ТАШКЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

ТАШКЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ РУХЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ
ашық дереккөзі
240

1992 жылдың 23 қарашасында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі ашылды. 2010 жылы Астанада және Ташкентте жаңа дипломатиялық өкілдік құрылысын бастау туралы екі ел арасында келісімдерге қол жеткізілген болатын. Сол келісім негізінде өткен жылы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің жаңа ғимараты бой көтеріп, ашылу рәсімі болған еді.

Ташкенттегі Абай көшесінің бойына ор­наласқан Қазақстанның Өзбекстандағы ел­шілігінің жаңа ғимаратының және елшілік алдындағы Абай ескерткішінің ашылуына орай сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 

– Лондонда Абай үйі ашылған, Мәс­кеуде, Тегеран мен Ыстамбұлда ескерткіші ор­натылған, ғаламшардың көптеген қала­сында оның құрметіне көшелерге есімі берілген. Бауырлас Өзбекстан астанасы – Ташкенттегі Абай көшесінде оның ескерт­кі­шінің ашылуының тарихи маңызы бар, – десе, өз кезегінде Өзбекстан президенті Ислам Каримов екі бауырлас халықтың достығының беріктігіне сенімін білдіре келе, Абай ескерткіші мен Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуы арқылы Өзбекстан астанасының көркіне көрік қосыла түскенін атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бой­ынша Қазақстан елшілігінің ғима­ра­ты Өзбекстан астанасының өзіндік ерек­ше­лігіне сәйкес шығыстық сәулет үл­гі­сінде салынған. Орталық Азияның ең ірі қаласында орналасқан, Қазақ елінің биік мәртебесін паш етіп тұрған бұл сәулет туындысы – миллионнан аса қандас­та­рымыз мекендейтін бауырлас елдегі ұлты­мыздың рухани тұғыры екені анық.

Ахмет Жұмағалиұлы

Серіктес жаңалықтары