Сіз кімсіз Школьник мырза?

Сіз кімсіз Школьник мырза?

Сіз кімсіз Школьник мырза?
ашық дереккөзі
355

«Қазақ үні»
сайтында орыс тілінде «Просим не допускать на руководящие должности таких чиновников, как Школьник, лоббирующих интересы других стран»  атты үндеу жарияланды. Үндеу
мәтініне зер салсақ, Школьниктің негізгі мүддесі қазақ елінің болашағы емес,  өзге мемлекеттің сойылын соғу дегенге саяды. 

Үндеуде қазақ зиялылары мен қоғамдық ұйым өкілдерінің тамыздың 14-інде арнайы жиын өткізіп,
Үкіметтегі соңғы өзгерістер жайлы өз ойларын ортаға салғандығы жазылады. «Қазақстан
Республикасының азаматтары «Мемлекеттік биліктің жалғыз қайнар көзі – халық»
деген Конституцияның 3 бабына және «Қазақстан Республикасының азаматтары
мемлекеттік басқару ісіне өз өкілдері арқылы, жекелеген және ұжымдық түрде
Үндеу жариялау арқылы қатыса алады» деген 33 бабына сай, ҚР Президентінің атына
төмендегі үндеуді жариялап отырмыз» делінген онда. Үндеуге қол қоюшылар
Елбасының №881 Жарлығына наразылық білдіретіндіктерін мәімдеген. Ол Жарлық
бойынша Владимир Школьник ҚР Энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Үндеуде Школьниктің Ресей Федерациясының осы уақытқа
дейін бірнеше рет Ресей Федерациясының Ресей мүддесін қорғап келгендігі
айтылады. Владимир Школьниктің Ресей мүддесі үшін жұмыс істегендігін 10  түрлі пунктке сыйдырған онда.

Айталық:

1. 2008 жылы Индустрия және сауда министрі Владимир
Школьник ENRC, «Миттал Стил» және «Қазақмыс» секілді ірі компанияларды
қолдап, аталған компаниялардың өнімдерінен экспорттық кедендік салықты алып
тастаған.

(Кого лоббирует министр Школьник? www.respublika-kz.info/news/politics/1256/)

2.  2009 жылы Индустрия және сауда министрі қызметін
атқарған ол Қазақстанға әкелінетін шетел автокөліктеріне салынатын кедендік
баж салығын 30 пайызға көтеріп жіберген.  Сол себепті де сапалы шетел автокөліктерінің
бағасы күрт аспандап, Қазақстан тұрғындары сапасыз Ресей автокөлігін сатып
алуға мәжбүр болған. Қазақстандық автодиллерлер экономикалық шығынға ұшырап,
ауыр жағдайды бастан кешірді. Кешікпей 2010 жылы КО-тың құрылуымен, Ресей
автомобильдеріне салынар салық алынып тасталды. Сөйтіп, министр
ресейлік «Автобаз» компаниясының мүддесін ашықтан-ашық қолдады. Соның салдарынан,
2014 жылы сатылған автомашиналардың 41 пайызын Ресей автокөліктері иеленген. (Обзор продаж новых
автомобилей за 2010 год.Республика Казахстан. http://www.pitstop.kz/2011/42-2-2011/418-2-2011.html).

3. Владимир Школьник «Қазатомпром» ұлттық компаниясының президенті қызметін атқара жүріп, Ресейге қызмет
етті деуге толық негіз бар. 2009 жылы «Қазатомпром» ұлттық компаниясы Жапония, Канада, Қытай, Үндістан, Франция елдерінің
компанияларымен табысты жұмыс істей бастаған болатын. Әрине, Ресейлік компаниялармен
де бірлескен жобалардың болғаны рас. 2010 жылы «Қазатомпром» ұлттық
компаниясының төрағасы қызметін атқарып тұрған Мұхтар Жәкішев жапониялық Toshiba
компаниясымен байытылған уранның еркін саудасы жайлы мәлімдеген еді. Алайда ол
жұмысынан босатылды да, оның орнына Владимир Школьник тағайындалды. Кешікпей, «Қазатомпром»
ұлттық компаниясының үш ірі уран кені «Росатом» корпорациясының құрамындағы  “Атомредметзолото” компаниясына сатылды. Бұның
соңы Ресей Федерациясының уран өндіру тұрғысынан монополист болуына алып келді.
«Атомредметзолото» компаниясын оның туған күйеубаласы басқарады, әрі бұл факт біздің
күдігімізді растай түседі.

4.
2011 жылы Владимир Школьник ресейлік «Еврохим» компаниясына қазақстандық
фосфор кендері «Аралтөбе», «Кесіктөбе» және  «Гиммельфарб» кен орындарының қалай заңсыз
сатқандығы жайында да ашық хат жолдағанбыз. http://trushkov.blogspot.com/2011/11/blog-post_15.html.

5.  Школьник
Қазақстанда АЭС салуға барын салып жүрген шенеуніктердің бірі. Оның Энергетика
министрі болып сайлануы жақында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың
Қазақстанға келіп кетуімен байланысты секілді. Өйткені, бұрын онсыз да,
Қазақстанның ішкі ісіне араласып жүретін Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа
қол қойғаннан бері, өз лоббистерін ашық  қолдауға
кірісті.

6. 2010 жылы Владимир Школьник  «Қазатомпром»
компаниясының есебінен құны 55  миллион доллар тұратын «Бәйтерек» атты яхта
тұрғызды. Оның құны араб шейхт ерінің яхтасынан асып түссе де, Қаржы полициясы,
Президент жанындағы есеп комиссиясы оған назар аударған жоқ.

7. Владимир Школьниктің баласы  Игорь
Школьник 30 жасында Орск қаласында  280 миллион
долларлық мұнай өндіруші зауытын сатып алды. Форбс журналының есебі бойынша,
оның  байлығы – 2014  жылы 150 млн  долларға жеткен.

Еуразиялық экономикалық
одақтың құрылуымен, оған мүше елдер мұнай мен газдың ортақ базасын құруды
міндеттеріне алған. Бұл мәселенің де Ресей мүддесіне шешілмесіне кім кепіл дей
отырып, ашық хат иелері Ұлттық ғарыш агенттігінің Энергетика министрлігіне
берілуінің де тегін еместігін ескертеді.

Осы мәселелерді термелеп жазған, Үндеуге қол қоюшылар Қазақстан
Республикасы Президентінен Владимир Школьникті жұмысынан босатуды, Қазақстанда АЭС
құрылысына мораторий жариялауды, Байқоңырдан улы Протондар ұшыруға тыйым
салуды, өзге мемлекеттің лауазымды тұлғаларының Қазақстаннің ішкі ісіне
араласуына мүмкіндік бермеуді сұрайды. Алайда Үндеуге қол қоюшылардың тым
аздығы және бұған елім деген қарағайдай тұлғалардың үнсіз отыруы бізді қайран
қалдырды.  

Серіктес жаңалықтары