McDONALD’S – КАННИБАЛ КОМПАНИЯ

McDONALD’S – КАННИБАЛ КОМПАНИЯ

McDONALD’S – КАННИБАЛ КОМПАНИЯ
ашық дереккөзі
213

Адам етінен тамақ
дайындап келген  каннибал компанияны қазір құзырлы органдар тексеріп
жатыр. Сорақысы сол, тамаққа пайдаланылған еттің балалардыкі екендігі
анықталыпты.

Соңғы кездері әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен
әлеуметтік желілерді шулатқан McDonald’s компаниясы жұрттың жағасын тағы ұстатты.
Оған себеп,бастапқы тексеру жұмыстарының нәтижесінде аталған компания өздерінің
тағамдарына қоспа ретінде құрт-құмырсқаны пайдаланатыны анықталса, кейін McDonald’s-қа
тиесілі ет комбинаттарында адам еті табылған. Басқаша айтқанда, жедел
дайындалатын тағамдарына қосылатын ет – адамдардікі. Құзырлы органдар қылмыстық
іс қозғап, тергеу-тексеру амалдарын жүргізгенде McDonald’s кеңінен таралған
Америка Құрама Штаттарындағы ет комбинаттары мен мейрамханаларының 90 пайызынан
адам еті, ал 65 пайызынан жылқы еті табылған. Еуропаның басым бөлігі мен АҚШ-та
жылқының етін жемейтіні белгілі. Иман мен адамдықтан безгендер көбінесе
балаларды сойып отырған… Федералдық зерттеу бюросының агенті Лойд Харрисон
америкалық басылымдарға жасаған мәлімдемесінде: «Сорақысы сол, ол жай ғана адам
еті емес, балалардың еті. Өйткені, ет комбинаттары мен мейрамханаларда табылған
мүрделердің бөлшектері ересек адамдардың емес, балалардың денесіне ұқсайды, өте
ұсақ. Бұл шынында да өте қорқынышты», – депті. Оның айтуынша, сот-медициналық
сараптамалары әлі де жалғасуда. Демек, ақша үшін адамдықтан безгендердің басқа
да қылмыстары ашылып қалуы мүмкін.

Каннибализм – ежелден келе жатқан
аурулардың бірі. Өкінішке қарай, адам етін жеуден Қазақ даласы да шет қалмаған.
Қолдан жасалған зұлмат – ашаршылықтың кезінде қазақтардың кейбірі тірі қалу
үшін балалардың еті жеген. Ал әлемді аяғынан тік тұрғызған қылмыс былтыр, яғни,
2013 жылы Оңтүстік Кореяда болған еді. Бір ер адамды балалары өлтіріп,
әкелерінің етінен тамақ жасап жеген. Әлбетте, адамға ауыз салатындар – ақылы
есі дұрыс еместер, аурулар. Ондайларды емдеу де оңай емес.

  ҚазірMcDonald’s
тағамдарын сүйсініп жеп келген тұтынушылар «Адам етін қашаннан бастап қолданды?
Ол балаларды қайдан тапқан? Балалар ет комбинатына әкелінгенде тірі ме еді?»
деген сұрақтармен бас қатыруда. Ал құзырлы органдардың өкілдері болса, ДНК
тесті жасалып жатқанын, барлық сауалға тергеу амалдары мен тексеру жұмыстары
біткеннен кейін жауап беретіндіктерін айтты. 

Серіктес жаңалықтары