ЖАНАРМАЙ ӘЛІ ДЕ ТАПШЫ. ОЛ ӘЛІ ДЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

ЖАНАРМАЙ ӘЛІ ДЕ ТАПШЫ. ОЛ ӘЛІ ДЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

ЖАНАРМАЙ ӘЛІ ДЕ ТАПШЫ. ОЛ ӘЛІ ДЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
ашық дереккөзі
277

Үкімет Аи-92
жанармайының бағасын 128 теңгеге өсіріп жібергеннен кейін, жұрт нарықтағы
бензин тапшылығына осымен нүкте қойылады деп күткен. Алайда, жанармай
нарығындағы ірі мердігерлердің жанармай құю бекеттерінде ел арасында сұранысқа
ие АИ-92 бензині әлі жоқ. Мәселен, кеше Алматы көшелерінде «Гелиос», «ҚазМұнайГаз»,
«Royal Petrol» бекеттерінің біразын аралап көрдік.

Кейбірінің жарнама тақтасында АИ-92 мүлдем жоқ болса, кейбірінде талонмен
босатылып жатыр. Кейбір жанармай құю бекеттерінен мұның себебін білуге
талпынуымыздың соңы нәтижесіз аяқталды. Олар иығын қиқаңдатқаннан өзге ештеңе
демеді. Ал сарапшылар елдегі жанармай тапшылығын жою үшін оның құны әлі де өсуі
қажет деп түйіндейді. Halyk Finance сарапшылары АИ-92
бензинінің құны – 170 теңгеге жеткен жағдайда ғана жанармай тапшылығы орын алмайды дейді. Үкіметтің
белгілеген АИ-92 бензинінің1 литрінің 128 теңгеге жетуі Ресейдегі жанармай
бағасынан әлі де 25 пайызға төмен көрінеді. Соның салдарынан Қазақстандағы
арзан бензин Ресейге контрабандалық жолмен тасымалдануда.Жанармай тапшылығының басты себебінің бірі – мұнайға бай ел
бола тұра, оның өнімдерін өндіру жағынан әлі де көрші Ресейге тәуелді болып
отыруымыз. Біз шикізат елінен, өндіруші секторға өте алмай келеміз. Сол себепті
де Қазақстан әлі күнге дейін Ресейден әкелінетін жанармайға тәуелді. Сол себепті
де оның бірден 13 теңгеге қымбаттауы, негізгі проблеманың шешілуіне мұрындық
болмай отыр:

«Қазақстан-Ресей
шекарасында АИ-92 бензинінің көтерме бағамы 125 теңге. Оның тасымал құны, басқа
да шығындарын есептесек, бензиннің литрі  кем дегенде 150 теңгеге сатылуы тиіс», – дейді
«31 канал» арнасына сұхбат берген экономист Сергей Смирнов.

Сарапшылар Қазақстан
мұнай өнімдерін өздері жеткілікті түрде өндірмейінше, Ресей өнімдеріне тәуелді
болып тұрған жағдайда, елдегі бүгінгі бензин дағдарысының шешілмейтінін айтады.  

Серіктес жаңалықтары