Шен үшін емес, ел үшін қызмет етеміз!

Шен үшін емес, ел үшін қызмет етеміз!

Шен үшін емес, ел үшін қызмет етеміз!
ашық дереккөзі
320

 

Алыс –жақында орналасқан
мемлекеттердің ішкі-сыртқы жағдайларының шиеленісіп, тіпті көтеріліске ұласып,
бейбірекетсіздіктің белең алып бара жатқанын байқап, көріп жүрміз. Ал біздің
елде Ата заңның арқасында, сарабдал саясаттың жемісін жеп отырмыз. Сырт көзге
тайға таңба басқандай көрінетіні – ел ішіндегі тыныштық. Ата заңның басты
құндылығы адамдар арасындағы араздықтың жоқтығы. Жүз отызға жуық ұлттар мен
ұлыстардың басын біріктіріп, тыныштықты тәу етіп отырған еліміздің Ата заңның
арқасында жеткен жетістігі осы.

30 тамыз барша казақстандықтар үшін ерекше күн. Осыдан 19
жыл бұрын дәл осы күні бүгінгі қарыштап дамуымызға негіз болған, жарқын  болашаққа даңғыл жол салған ел Конституциясы
қабылданған болатын. Бүкіл әлемде Конституция – елдің ілгері даму бағытына
сәйкес әлеуметтік – экономикалық жүйесінің және қоғамының саяси
ұйымдастырылуының, жалпы алғанда, мемлекеттіліктің керегесін кеңейтіп,
көсегесін көгертудің негізін айқындайтын негізгі заң, қасиетті құжат.

Заң
бәрімізге ортақ. Барлық мәселе заңмен қарастырылған. Алайда, «Әр үйден бір
тентек табылар дегендей» қоғамның тыныштығын бұзуға, адамдар арасына іріткі
тастап, ұлтараздықты қоздыруға, билікке базына айтып, тақтан тайдырғысы келетін
топтардың, жекелеген адамдардың бар екенін де білеміз, кейбір оқыс оқиғалар
осының дәлелі. Міне осындай келеңсіздіктермен күресте, бұрынғы «Ішкі әскер», қазіргі «Ұлттық ұланның» атқарып жатқан
қызметінің ролі жоғары екенін атап өткім келеді. Ұлттық ұлан әскери
қызметшілері күні-түні қарауылда сапта тұр. Қазақстанның әр қаласының
тыныштығын, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп күнделікті қоғамдық
орындар мен көшелерде Ұлттық ұлан сарбаздары мен сардарлары қызмет қылуда.
Мемлекеттің маңызы бар мекемелер, ғимараттар мен түзеу мекемелерінің күзеті,
сотталғандарды қаладан –қалаға айдауылдау қызметі осы Ұлттық ұланның мойынында.

Елбасының
өзі қоғамдық тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуде зор сенім артқан Ұлттық
ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Алматы, Талдықорған, Тараз,
Қызылорда қалаларында 10 түзеу мекемесі, 3 мемлекеттік маңызды нысандарды
күзетіп, сотталушыларды айдауылдап, сот процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін, әр қаланың тұрғындарының конституциялық құқығын қорғайтын 9 әскери
бөлім бар. Осы қаларда жауынгерлік қызмет барысында күнделікті көптеген
қылмыстардың алдын алып, қала тұрғындарына қол ұшын беріп, ерлік көрсеткен
әскери қызметшілер өте көп. Сөзімді тұздықтай кетсем, 16 тамыз күні Алмалы
ауданында жауынгерлік қызметте жүрген кіші сержанттар Хамитжан Алиакбаров, Азат
Қосжанов бастаған, қатардағы сарбаздар Вильгелм Веккер, Абай Жайықбай, Арман
Көбенов, Мейрамбек Мақсұтхан қостаған 
әскери жасақ адам өлтірген қылмыскерді құрықтады. Ол адамның үстінен ҚР
Қылмыс кодексінің 96 бабы бойынша іс қозғалды.14 тамыз күні жамбыл облысы,
Меркі ауданында болған алапат өрттің алдын алып сөндіруге Тараз қаласындағы
5513 әскери бөлімінің жеке құрамы атсалысып, жергілікті тұрғындардың шексіз алғысына
бөленді. Міне, «Отанға қызмет, елге құрмет» деген осы.

Берілген
тапсырманы бұлжытпай орындап, қызмет барысында көзсіз ерлік, қырағылық пен
көрегенділік танытқан әскери қызметшілердің еңбегі еш кетіп жатқан жоқ. Отан
қорғаушылар күні қарсаңында Елбасының жарлығымен Алматы қаласында орналасқан
5572 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, айдауылдау кезінде сотталушының
қашуына оққа кеудесін тосып тосқауыл болған сержант Жандос Баянбаев ІІІ
дәрежелі «Айбын» орденімен, эфрейтор Нұрасыл Мүбәрәков «Жауынгерлік ерлігі
үшін» медалімен марапатталды. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан
болады» деген бабаларымыз. Жандос Баянбаевқа Қазақстан Республикасы Ұлттық
ұланы Басқолбасшысының бұйрығымен Алматыдандан бір бөлмелі пәтер берілді. Ал
Мүбараков Нұрасылға Ұлттық ұлан әскери инсмтитутына жолдама беріліп,
жерлестерінің атынан Қызылорда обылысының әкімі Қырымбек Көшербаев бір миллион
теңге сыйақы берді.Осы бейбіт күннің батырларымен Талдықорған, Тараз, Шымкент,
Қызылорда қалаларында мектеп оқушыларымен, колледж, университет студенттерімен
кездесу ұйымдастырылып  жастардың бойына
патриотизмді қалыптастыру, ел мен жерге деген сүйіспеншілігін арттыру жұмыстары
жүргізілді.Бұл біздің Ұлттық ұлан сардарлары мен сарбаздарының ұлттық
қауіпсіздік пен Ата заңымызды ардақтауда жасап жатқан жұмыстарының жемісі.

Ел тынысының
бағдаршысы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін негізгі
заң Конституция күні – барша 
қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Өткенге көз жүгіртіп, атқарылған
жұмыстарға есеп беретін, болашаққа жоспарлар құратын кезең. Өзге  мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан
Республикасы Ұлттық ұланы да алдағы уақытта азаматтардың Констиутциялық
құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы мәртебелі миссияны бұлжытпай
орындай бермек. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қажеттіліктер жасалған.
Әскери кадрлардың кәсіби біліктілігі мен мүмкіндіктеріне де сенім мол.

Ел мен
елбасы сенімін артқан Ұлттық ұланның әрбір қызметшісі Отан алдындағы парызы мен
борышын адал атқарып жатқанына бек сенімдімін. Шен үшін емес, ел үшін қызмет
етеміз!!!

полковник Бектұрсынов Нұрбай Кеңесұлы

ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Серіктес жаңалықтары