Бір шелек мұздай суды басына құятындар кімдер? Және не үшін?

Бір шелек мұздай суды басына құятындар кімдер? Және не үшін?

Бір шелек мұздай суды басына құятындар кімдер? Және не үшін?
ашық дереккөзі
371

 

Бұл АҚШ-тан жеткен акция. Қазақстанда қаншама қайырымдылық шаралары жүргізілсе де, дәл осы мұздай суды басына құю танымал болған жоқ (ALS Ice Bucket Challenge). 

Әп сәтте-ақ дүниежүзінің мемлекеттеріне тарап үлгерді. Атсалысушылардың
көпшілігі  – танымал тұлғалар, әншілер
мен саясаткерлер.

Әуелде есіргендер ме деп ойлап қалдым. Бұл әдісті кезінде
Порфирий Иванов ойлап тапқан еді. Төрт мезгілде де мұздай су құйынып, кез
келген аурудың алдын алуға болатыны туралы алғаш айтқан адам осы. Бірақ бұл
әдіс ол кезде мойындалған жоқ, десе де қартайған шағында тепсе темір үзетін
денсаулығы бар Иванов «орыс моржы» аталған. Алғашқыда осы тәсілді пайдаланып,
жарнамалай бастады ма деп ойладым. Естеріңізде болса, 2000 жылдардың басында
салауатты өмір салтын қалыптастыру бастамасын қолға алған Сара Назарбаева
оқушыларымен бірге осы әдісті насихаттаған еді. Алайда бұл әлемдік танымалдыққа
ие болған жоқ.

Негізі амиотрофикалық склероз ауруынан емделушілерді емдеу,
қолдау мақсатында басталған-тұғын. Оны іліп әкеткен американ жұлдыздары акцияға
қолдау емес, жарнаманың бір түрі ретінде қатысып жатыр. Кейбірі не үшін, кім
үшін екенінен де хабарсыз. Әйтеуір жұрттан қалмаса болғаны. Оған қазақ әнші,
бишілері тіпті қоғам қайраткерлері де кірісіп кетті.

be10769ddcd4a404c1ebf2c696aba968.jpg

e0aa3ed133114f9d84974a350b0a4052.jpg

368a6cab6ce3ac1f6039704ffbe4147d.jpg

Жалпы бұл акцияға қолдау көрсеткісі келетіндер эстафета
арқылы бір-біріне батылдығын сынатпай-ақ, қорға ақша аудару арқылы қаржылай
көмектесу немесе шама-шарқынша қолұшын созуына болады. Меніңше, акцияның осы
әдісі тиімдірек. Себебі айдалада тұрып, әлемнің екінші түкпіріндегі адамға
менің басыма құйылған судың жәрдем болмасы анық.

Таяуда Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков те осы акцияны
қолдайтындығын білдіріп, тау өзені суынан бір емес, екі шелек суды басына
құйды. Ал белгілі режиссер Ермек Тұрсынов табандылығын көрсеткен соң,
эстафетаны Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке беретінін айтты. Әлбетте,
бұл шаралардың барлығының бейнеролигі жазылып, әлеуметтік желілер арқылы
насихатталады. Бұл шараны келесі адам іліп әкетеді де, өзінің видеосын
әлеуметтік парақшасына салады. Қайрат Келімбетов өз кезегінде американдық
акцияның Қазақстанда танымал болғандығына таңданыс білдірсе де, мұздай суды басына
құю акциясын жалғастыратынын жеткізді. Бірақ жоғарыда аталған ауруды емдеу үшін
ғана емес, параолимпиялық ойыншыларды қолдау, солардың ерлігі мен ерік-жігерін
серпілту үшін жасайтынын айтқан. Төменде Ұлттық банк төрағасының жауабының толық
мәтіні беріліп отыр.

– Жақында белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов АҚШ-тан жеткен жаһандық акция суық су құйыну шарасына қосылуға шақырды. Оның мақсаты –  амиотрофикалық склерозды зерттеуге көмектесу. Өздеріңізге белгілі болғандай, Қазақстанда бұл акция зор қолдауға ие болды, оған қоғам қайраткерлері, бизнесмендер, банкирлер және басқа да танымал адамдар қатысып үлгерді. Мен мұндай акцияларды қолдаймын. Алайда, бұл акцияның Қазақстанда аса зор қолдауға ие болуына қарай отырып, елдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға да осындай жолмен көмектесуге болатындығын түйсіндім. Ең бастысы, біздің жанымызда жүрген жандарға көмек қолын созу. Сол себепті, өз тарапымнан, ұзақ жылдар бойы мүгедектер арбасына таңылған Немат Келімбетовтің ұлы ретінде, Ұлы Параолимпиялық комитеттің қамқорлық кеңесінің төрағасы ретінде осындай акцияны Қазақстанда да ұйымдастырып, қаржылай көмектің біздің параолимпиадалық-спортсмендерге жеткенін қалар едім. 

Ермек Тұрсыновқа алғысымды айта отырып, кинорежиссер ретінде мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттық өнерлері жайында фильм, видеороликтер түсіруге шақырамын. Ал ақпарат құралдары өкілдерін олардың спорттағы жетістіктерін мейлінше насихаттағанын қалар едім. 

Серіктес жаңалықтары