КӨКШЕТАУ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КӨКШЕТАУ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

КӨКШЕТАУ  КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ашық дереккөзі
342

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ақмола облысына барды. Мұнда құбырлар мен авиацияға қосалқы бөлшектер жасайтын «Тыныс» зауытына соғып, жұмысшы жастар және облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Сапар барысында Ақмола облыстық партия филиалының кезектен тыс ХІХ конференциясына қатысты. 

Аталмыш зауыт өткен жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде іске қосылған. Зауыт газбен жабдықталып, жылына мың тонналық қуаты бар құйма  өндірісіне айналған. Зауыт­та барлығы – 800 адам еңбек етеді, олардың 170-і жас мамандар. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 24 мүмкіндігі шектеулі жан зауытқа жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ «Сәтті қадам» жобасының шеңберінде жобаға қатысушылардың аталған зауытта тәжірибеден өтуіне байланысты меморандумға қол қойылды. 

Ал облыс басшысы Сергей Кулагин аймақтық филиалдың жаңа төрағасы болып сайланды. Конференция барысында 2015-2025 жылдарға арналған партиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы талқыланды. Бүгінге дейін сарапшылар қауымдастығы мен интернет-пайдаланушылардан бағдарлама мәтініне орай 700-ге жуық ұсыныстар мен толықтырулар келіп түскен екен. Конференция барысында аймақтардағы негізгі мәселелер де күн талқысына салынды. Атап айтсақ, аймақтардағы партия қызметін күшейту, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бақылауды арттыру, қоғам мен биліктің кері байланысын арттыру, үкіметтік емес ұйымдармен жүйелі қарым-қатынас орнату, жастармен жұмысты жандандыруға баса көңіл бөліну қажет.  

– «Нұр Отан» партиясы көптеген жобаларға бастамашы болды, олардың ішінде «Жастар Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам» бар. Бұл жобалар жастар арасында зор сұранысқа ие, өйткені олар еліміздегі жас ұрпақты тәрбиелеуге, қолдауға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған, – деді Байбек мырза. Шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі – экономиканы дамытудың басты кілті, осы орайда Байбек мырза жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, отандық бизнесті жан-жақты қолдауды және кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру жағдайын жақсарту қажеттігін атап өтті. 

Ақниет Бейімбетқызы

Серіктес жаңалықтары