1-Қыркүйек білім күні құтты болсын!
1-Қыркүйек білім күні құтты болсын!
Бүгін еліміздің 8 мыңға жуық мектебінде алғашқы қоңырау соғылды. Ал Астанадағы №75 көпсалалы мектеп гимназиясына арнайы келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мектеп оқушыларын білім күнімен құттықтады.
Ресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 7,6 мың мектепте, 2 млн. 600 мың бала білім алады. Ал биыл бірінші сыныпқа еліміз көлемінде 300 мың оқушы бармақ. Білім күніне орай, Астанадағы көп салалы №75 гимназияға арнайы атбасын бұрған Елбасы мектеп оқушыларына жарқын болашақ тіледі.
«Қазақстан бойынша Тәуелсіздік жылдарында бір мың мектеп іске қосылды. Оның ішінде биыл 150 мектеп тапсырылатын болса, бүгін 62 мектеп есігін ашып отыр», – деді Президент жеткіншектерге үлкен үміт арта отырып.