Елімізде кейінгі салынған ескерткіштер сынға ұшырауда

Елімізде кейінгі салынған ескерткіштер сынға ұшырауда

Елімізде кейінгі салынған ескерткіштер сынға ұшырауда
ашық дереккөзі
408

 

Жақында Шымкент қаласында
Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақтың белгілі боксшысы Бекзат Саттархановқа
арналған ескерткіштің ашылуы болып өтті. 
Мүсіншілер аталмыш ескерткіштегі жазбада қателік жіберген.
Бекзат Саттарханов атындағы
дарынды балаларға арналған спорт интернатының алдында орналасқан ескерткіште
«Алға Қазақстан» деп ұрандатқан Бекзат мүсінінің биіктігі – 3 метрді құрайды. Мүсін
салушылар қазақ тілінің заңдылығын сақтамай, «Алға» сөзінен кейін үтір,
«Қазақстан» сөзінен кейін леп белгісі қойылуы тиіс екендігін ұмыт қалдырған.
Мамандар бұл сауатсыздық жеткіншек ұрпақты шатастыруы мүмкін екенін айтып дабыл
қағуда. Тағы бір, түсініксіз жайт, батыр ұлдың бет келбеті неге екендігі
белгісіз сәтсіз шыққан. Бүтін бір халықты алға шақырып отырған Бекзаттың бұл
сөзді ашуланып я болмаса жылаңқы түрмен айтпасы анық. Бұл жолғы орын алған
ескерткіш дауына да пікір айтушылардың қарасы қалың.


Есей Жеңісұлы, журналист:

«Бұл ескерткіш 2000 жылы Бекзат Сиднейден
Алматыға ұшып келе салғанда Асекең – Асылхан Әбдірайымұлы түсірген суреттен
алынған. Бекзаттың езуінде әдемі күлкі бар еді, мына жерде тым жансыз. Сосын
қолындағы шарфта дәл осылай, ешбір тыныс белгі қойылмай “Алға
Қазақстан” деп жазылған. Мүсіншілер көшіре салған ғой, әттең… Осындайда
кішкене түбіне үңіліп, суретті кім түсірді, Бекзат қандай көңіл-күйде болды –
бәрін зерттеп барып кірісетін шебер қайда?».

Ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты
спортшылары, Олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым өкілдері қатысқан. Көзге
оғаш көрінсе де, амал нешік, салынған ешкерткіш салынып үлгерді. Оны қайта
түзетуге енді кімнің құлық танытары белгісіз. 

Салғырттық пен бейғамдықтың
салдарынан, тексерістердің жоқтығынан ұлы тұлғалардың мүсіндерін мазаққа айналу
әдетке айналып барады. Осының алдыңда Абайды мазақ қылған Абай мен Михаэлистің
даулы ескерткіші Өскеменде қайта орнатылмақ
екен. Талқыға түскен Абай мен
Михаэлис ескерткіші халық наразылығына қарамастан қайта орнатылатын болған. Ұлы
Абайды ергежейлі етіп, қорлаған тас мүсінді көпшілік бірден қабылдамап еді. Ал
бұқараның кейбірі Өскеменге орталық алаңда тұрған Абайдың бір ескерткіші
жеткілікті, ал бұл туындының керегі жоқ деп кесіп айтқан болатын. Бірақ о
баста дау тудырған ескерткішті “қабылдаған жоқпыз” деп ақталған әкімдіктегілер
бүгінде халық пікіріне құлақ аспаған сияқты. Өйткені Самойлов пен Непьянов
есімді екі автордың бұл талғамсыз туындысы келесі жылы қайта орнатылмақ ниетте.
“Ескерткіш тұратын жердің құжаттары дайындалуда. Келешекте, бұл
ескерткіш орнатылатын болады”, – дейді Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің бастығы Азамат Мұхаммеджанов. Осындайда, «ақымақ бас екі аяққа
тыным бермейді» деген мақал еріксіз есіңе түседі екен. Орнатылмақ ескерткіштің
осы жолы жұрт көңіліне қонымды болып шығатындығына күмән көп. Еліміздегі бірінен соң
бірі орын алған ескерткіштердің дауына жанашырлық танытып, ұлтын қорлап,
мазаққа айналдырғандарға жоғары жақтан талап пен тексеріс жетіспейді.

Серіктес жаңалықтары