БАЛАЛАРҒА — БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА — БАЗАРЛЫҚ

БАЛАЛАРҒА — БАЗАРЛЫҚ
ашық дереккөзі
194

Таяуда Алматы қаласында ІХ Халықаралық балалар киіміне арналған «Балалық шақ-2014» және жасөспірімдерге арналған «Балалар сән үлгісі-2014» көрмелерінің ашылу салтанатты жиыны болып өтті. Аталмыш шараға «ALEXPO» және DS TRADE GROUP компаниялары мұрындық болды. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімдігі, Индустрия және жаңа технология министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі, Балалар Тауары Индустуриясының Қазақстандық Ассоциациясы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда өкілдігі, Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сауда өкілдігі де іс-шараға қолдау танытты. Салтанатты шарадағы құттықтау сөзінде Айбек Сайдылдаев мырза: «Бұл тек қалалық деңгейде емес жалпы ауқымы кең бастамаларға жол ашады деген сенімдемін. Ат салысып отырған елдердің экономикалық жағдайына да маңыздылы зор екендігін атап өткен жөн. Көрмеге қатысушыларға тек жетістіктер мен іске сәт дегім келеді», – десе, Бостандық аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Нұрлан Мәуленов: «Қазақстанның сауда-саттығына өз ықпалдастығын арттырып отырған бүгінгі халықаралық балалар мен балалы аналарға арналған тауар өнімдерінің көрсетілімі жүйелі түрде өткізіліп отыр. Осы негізде «Нұр Отан» партиясы өз тарапынан қолдау танытып, жас өндірістік салаларға оң көзқарас танытып отырғанын айта кетейін. Сондай-ақ партия қайырымдылық-инвистициялық шараларға өз қолдауын танытуда. Бұл көрме көптеген жаңа бастамаларға негіз болып, бастысы біздің отандық өнімдердің оңалуына жол ашуы тиіс», – деп атап өтті. 

Көрменің негізгі алға қойған мақсаты, балалар киімдерінің оңтайлы жолға қойылуы мен жоғарғы сұранысқа ие болуына ықпал ету болып отыр. Сондай-ақ, ана мен бала киімдеріне деген қызығушылықты берісі елімізде насихаттауда болса, арысы алыс-жақын елдермен біріге жұмыс жүргізумен өз жалғасын таппақ. Көрме барысында негізі іскерлік бағдарламалар: тақырыптық семинарлар, еліміздің сауда-саттық көрсеткіші, өндіруші компаниялар тарапынан арнайы презентациялар ұсынылады. Ең бастысы кең ауқымды жүйелі бағдарламалардың қамтылуы қарастырылатын болады.

Аталмыш көрмеде бас-аяғы 80 компания мен 150-ден астам бренд тауарлар, Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Түркия, Польша, Испания, Оңтүстік Корея және т.б. елдерден балаларға арналған тауар өнімдерін көпшілік қауымға ұсынды. 

«Балалық шақ-2014» көрмесі бойынша ойындар мен ойыншықтар, балалар жейдешесі мен аяқ киім, тазалыққа арналған құралдар, кітаптар мен дискілер, болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге арналған тауарлар, т.б. халыққа ұсынылған болатын. 

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары