ҚАНАҒАТ ҚАНАТ БІТІРЕР
ҚАНАҒАТ ҚАНАТ БІТІРЕР
«Эйр Астана» Қазақстанның жетекші әуе компаниясы. 2014 жылдың екінші тоқсанында 26,3 млн. АҚШ долларына операциялық пайда және 16,5 млн. АҚШ долларына тең таза пайда көрді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24% және 7% тиісінше жоғары. Есептік кезеңде әуе компаниясы 939 мың адамды тасыды және кіріс 230 млн. АҚШ долларын құрады. Осы жылы әуе тасымалдаушының флоты 3 Airbus А320 және 1 Boeing 767 жаңа әуе кемесімен толықты.
«Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер: «Девальвациядан кейін компанияның экономикалық көрсеткіштері біздің болжамымыздан тезірек қалпына келді. Авиарынокторға жергілікті валютаның және саяси аспектілердің ықпалы болжағаннан елеулі болмады және қазір жағдай тұрақталып келеді. Өндірістік шығыстарды 6 пайыз қысқартып, үшінші тоқсанда көрсеткіштер жақсарады деп үміттенеміз және теңгенің құнсыздануынан есептемеде көрсетілген 48 млн. АҚШ долларына залалға қарамастан ағымдағы жылды да пайдамен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз инвестициялық жобаларды және жоспарға сәйкес ұшақтарды алу бойынша бағдарламаларды жалғастырмақпыз».
Шынар СӘМЕТОВА