КҮМІС ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛҒАН КҮН

КҮМІС ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛҒАН КҮН

КҮМІС ҚОҢЫРАУ  СОҒЫЛҒАН КҮН
ашық дереккөзі
370

Осы аптаның басында Алматы мектептерінде Білім күні мерекеленді.

Қала әкімі Ахметжан Есімов жаңа Наурызбай ауданында орналасқан Р.Сәрсенбин атындағы №192 мектептің салтанатты шарасына қатысты. 

Шаһар басшысы биылғы жылы Алматы мектептерінде 188 мыңнан астам оқушы білім алатынын тілге тиек етті, оның ішінде 24 мың бүлдіршін бірінші сынып оқушысы атанды. Алматы шекарасы 23,2 мың га-ға ұлғайғандықтан, қала балансына 15 мектеп қосылды. Жалпы шаһар көлемінде 201 мемлекеттік мектеп қызмет етуде. 

«Қала аумағына өткен барлық 15 мектепке жаңа оқу жылына дайындалуы үшін, әрқайсысына 3 млн. теңгеден бөлдік. Білім деңгейін жақсарту мақсатында, бұдан кейін де материалды-техникалық жабдықтауға тиісінше көңіл бөлмекпіз», – деді Ахметжан Есімов. 

Қала басшысы Білім бе­ру­ді дамыту жылы аясында Алма­тыда жаңа мектептер салынып, тех­никалық жабдықтау жаңар­тыл­ғанын, жас ұрпақтың жо­ға­ры деңгейдегі білім алуы үшін қажетті жағдай жасалып жат­қа­нына тоқталды. Одан өзге, тамыз кеңесінде алматылық 1000 ұс­таз­дың әрқайсысына 300 мың теңгеден сый­ақы тағайындалғанын айтып өтті. 

Сөз соңында шаһар басшысы оқушылар мен мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. 

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары