Әлиев Еуропаны да алдап келіпті

Әлиев Еуропаны да алдап келіпті

Әлиев Еуропаны да алдап келіпті
ашық дереккөзі
305

«Жалған құжаттармен елді
адастырып келді, шындықты бүркемеледі» деп айыпталған Рахат Әлиев келесі аптада
сот алдында жауап береді. Өзін саясаттың құрбаны ретінде көрсеткісі келген ол қазір
түрмеде отыр.

Күні кеше ғана саяси босқын ретінде аяушылықпен қараған
еуропалықтар Рахат Әлиевке қатысты пікірлерін күрт өзгертіпті. Халықаралық
ұйымдар да әп дегеннен Әлиевтің сөзін сөйлеген болатын. Бірақ бүгінде «Ол
бәрімізді алдап келіпті» деп жағаларын ұстап отыр. Себеп, Рахат Әлиев
тарапынан ұсынылған құжаттардың басым бөлігі жалған болып шығыпты.

Бір кездері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитетін басқарған, кейін Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті
елшісі болған Р.Әлиев қазір Австриядағы түрмеде отыр. Үстіміздегі жылдың 16
қыркүйегінде ол сот алдында жауап бермек. «Адам ұрлады», «қазақстандық 2
банкирді күштеп ұстап, өлтірді» деп айыпталған Әлиев ұзақ уақыт бойы заң
алдында жауапқа тартылған жоқ. Себебі, жалған құжаттар мен дәйектердің
арқасында өзін жазықсыз құрбан ретінде көрсете білді. «Мен Билл Клинтон, АҚШ
Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы Джеймс Уилси, Англия, Австрия мен
басқа да елдердің бұрынғы президенттері тарапынан қуғындалдым. Менің өміріме
қауіп төнді» деп аттандаған Рахат Әлиев жалған құжаттар арқылы өзінің кінәсіздігін «дәлелдеп»
келген көрінеді.

Дәйексіз құжаттардың жалған екенін Еуропадағы құжаттардың
түпнұсқасын тексеретін танымал маман Гидеон Эпштейн анықтапты. «Әлиев ұсынған
құжаттардың басым бөлігі қолдан жасалған»,– деп мәлімдеген ол осылайша Рахат
Әлиевтің өтірігін шығарған. Көп ұзамай, Еурополдың бұрынғы директоры Макс-Петер
Ратцель Әлиевтің адвокаттарынан жалған құжаттарды кері қайтарып алуды талап
еткен.

Серіктес жаңалықтары