«АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ...»

«АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ...»

«АТЫҢ БАРДА ЖЕР ТАНЫ...»
ашық дереккөзі
373

Қаламгер Өскенбай Құла­тайұлы журналистік жолжаз­ба­ларын, өлеңдерін, газеттерге жарияланған түрлі тақырыптағы мақалаларын және өзінің ба­сынан өткен хикаяларын жи­нақтап «Атың барда жер таны…» атты құнды кітапты жарыққа шығарды.

Бұл кітап автордың тоғы­зын­шы туындысы. Өскенбай Құла­тайұлының кезекті еңбегі оның сапар­намаларына арналыпты. Туған ел мен шет мемлекеттерді ара­лаған автор көргенін, көңілге түйгенін қағазға түсіріп отырған. Жазбаларында әр жердің ерек­ше­лігін, құпиясын, тарихын баяндай отырып, оқырманға «туған елдей ел болмайтынын» ұғындыра білген. 

«Атың барда жер таны…» кі­табы 5 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Меккеге, Кавказ еліне, Әзір­байжанға, Филиппинге, Үндістанға, Испанияға, Поляк Халық Республикасына, Францияға, Қырғызстанға және Қазақстанның бірнеше қалаларына жасаған сапарлары жайында жазылған. Әрбір жолжазбасында қаланың тарихына да, табиғатына да, ондағы мәселелерге де назар аударып, талдап-таразылайды. 

Кітаптың екінші бөлімінде еңбек, өнер ардагерлерінің саналы өмірін жастарға үлгі етіп көрсетуге ты­рысады. Сонымен қатар туған елді, жерді құрметтеуді, Отанды сүюді жастардың санасына сіңіруді басты мақсат тұтқан. 

«Жақсылыққа жақын бол» деп аталатын үшінші бөлімде оқыр­манын жақсылық жасауға, қайы­рым­ды, иманды болуға, көмекке мұқ­таж жандарға жәрдемдесуге үндейді.

Ал кітаптың соңғы бөлімінде автор­дың жүректен шыққан жыр­лары жинақталған. Соңғы уақыт­тарда жазылған түрлі тақырыптағы өлең­дері де оқырманның қызығу­шы­лығын тудырады.

Қаламгер Өскенбай Құлатай­ұлы­ның бұл туындысы да оқыр­маннан оң бағасын алатыны сөзсіз.

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары