ЖАҢА ТУЫНДЫ

ЖАҢА ТУЫНДЫ

ЖАҢА ТУЫНДЫ
ашық дереккөзі
523

Жазушы-журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалиннің жаңа кітабы жарық көрді. Қаламгердің «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қалам қанаты» деп аталатын туындысы үш бөлімнен тұрады. 

«Тәуелсіздік туы берік қолда», «Жақсы жүрген жерінде із қалады», «Өрімтал дәурен өрнегі» деп ата­латын бөлімдерге автордың Уақыт пен дәуір талабынан туын­дайтын міндеттерге сай жазыл­ған көсемсөздік желілері, ой-толғамдары, эсселері топтас­тырылған. 

Автор, әсіресе, ұрпақтар сабақ­тастығының алтын соқпағының қадір-қасиетін білу қажеттілігі хақында оқырмандармен ой бөліседі. Ағалар дәстүріне адалдық, отансүйгіштік пен елжандылық төңі­регіндегі туындылары көзіқарақты оқыр­манның көкейіндегі ойды дөп басары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауре­аты Ж.Кенжалин деректі проза саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан қаламгердің бірі. Кезінде оның «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлттық рухын ұлықтаған ұрпақпыз», «Ер Жәуке мінбегенмен алтын таққа» деп аталатын кітаптарын қалың оқырман қауым жылы қабылдаған болатын. 

Индира Байсалбекова

Серіктес жаңалықтары