Оймақтай ой! ШАХАНОВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ

Оймақтай ой! ШАХАНОВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ

Оймақтай ой!  ШАХАНОВ, ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚЫРЫМ ТАТАРЛАРЫ
ашық дереккөзі
429

Тарихтың түрлі шешуші кезеңдерінде маңдайына маңызды рөл ойнау жазылған тұлғалар ортаға шығады. Олардың уақыт өте келе көпшілікке жария болған саясатқа, дінге немесе тарихқа қатысты жеке көзқарастары әлгі бір шешуші кезде әрекет еткен батылдығы мен еңбегін жоққа шығармаса керек. Өркениетті азаматтық қоғам ондай символдық мәні бар тарихи уақиғаларды ұмытпаса керек. Дәл 25 жыл бұрын, 1989 жылғы маусымның 6-сы күні СССР-дің Жоғарғы Кеңесінде ҚазССР-ден сайланған депутат, қоғам белсендісі, ақын Мұхтар Шаханов Алматыдағы “Желтоқсан” оқиғасына қатысқан демонстранттарға жасалған зорлық-зомбылықты тексеруге шақырып сөз сөйледі. “Желтоқсаншыларды” ақтап алу үшін “қазақтың бәрі ұлтшыл емес” деген өз заманына сай тактикалық әдіс қолданды (қазір керісінше бар қазақтың ұлтшыл болып шыққанына мүдделі  ). Дәл осы баяндамасында совет елінің әр тұсында тұтана бастаған этникалық қақтығыстардың алдын алу үшін ұлттық және автономиялық республикалардағы байырғы халықтардың тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы талап-тілек айтты. Бір ауыз сөзбен болсын Қырым татарларының да аянышты халін сипаттай кетті. Маусымның 6-сына дейін әлі екі аптадай уақыт бар болса да, осындағы қалам ұстаған қауымды, журналист әріптестерімді ертерек құлақтандырып қойғым келді. “Қазақ тілінің мәртебесі мен Қырым татарларының ахуалы “Шаханов баяндамасынан” кейінгі 25 жылда өзгерді ме, әлде саяси популизм мен геосаяси ойын құрбанына айналды ма” деп бір ізденіп көрсін.

Серіктес жаңалықтары