БАҒДАРЛАМАДАН ТУҒАН МҮМКІНДІК

БАҒДАРЛАМАДАН ТУҒАН МҮМКІНДІК

БАҒДАРЛАМАДАН ТУҒАН МҮМКІНДІК
ашық дереккөзі
225

Термомодернизация бағдарламасының аясында ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында 11 көп қабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бағдарламаның негізгі мақсаты – көп қабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен бөлінген қаражатты тұрғындар жеті жыл ішінде қайтаруға тиіс. Кейбір жағдайда қаражатты қайтару мерзімі он бес жылға дейін созылады. Бұл ретте мемлекет тарапынан пайызсыз несие де қарастырылған. Бағдарлама барысында коммуналдық инфроқұрылым желілерін жаңғырту, жалпы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары да жүзеге асады. 

Зырян ауданының тұрғындары да осы бағдарлама аясында үй­­­леріне жөндеу жұмыстарын жүр­гізуде. 2012 жылы алғаш рет осы бағдарлама негізінде Зырян қала­сындағы Ленин көшесінің бойындағы 75-үйдегі 18 пәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Осы жылдың 11 шіл­­­де­сінде басталған жөндеу жұмыстары бір айдан кейін аяқталған болатын. Осы мерзім аралығында шатыр, үйдің алды, кіреберіс, су және жылумен жабдықтау кәріз жүйелері қайта қалпына келтірілді. Жұмыстың қаражаттық есептегі шығыны 43 999,856 теңге көлемінде. Бұл тұрғындардың келісімі негізінде жасалған жұмыстардың бірі.

Бұл бағдарлама аясындағы жұ­мыстар 2013 жылы да жалғасты. Жүр­гізілген жұмыстардың нәти­же­сінде 2013 жылы Зырян қаласында 3 үй, Серебрянск қаласы мен Октябрск кентінде бір-бір үй жөндеуден өтті. 

Берілген мүмкіндіктің арқа­сында аудандағы 5 үй жөндеуден өт­кізіліп, сол үйде тұрып жат­қан әрбір азаматтың қамсыз ұйық­тауына жағдай жасалды.

«Зырян ауданының тұр­ғын үй инспекциясы» ММ бас­шысы Валентина Шмелева бағ­дар­ламаның өрісі анағұрлым кеңігенін айтады. Бүгінгі күні аталған бағдарлама аясында үйлеріне жөндеу жүргізуге ниетті азаматтардың саны артып отырғандығын да атап өтті. Дегенмен бөлінетін қаражаттың аздығын барлығына бірдей жетпейтіндігін де жасырып қалмады.

Бүгінгі таңда Зырян қала­сын­дағы 10 үйге жөндеу жүргізу үшін 117 938 млн. мың теңге көлеміндегі қаражатқа орай келісімшарт жасалып, жөндеу жұмыстары бас­талып кеткен. Сонымен қатар Сереб­рянск қаласында да бір үйге жөндеу жүргізу жоспарда бар. Міне, осындай ауқымды істерді атқаруда, жалпы Зырян ауданында жүзеге асып жатқан бағдарлама аясында аудан әкімі Ермак Сәлімовтің атқарып жатқан еңбегі елеулі. «Термомодернизация бағ­дарламасы алғашында тұрғындар үшін жат әрі түсініксіз болған болар. Дегенмен жүргізілген, тіпті, күні бүгінге дейін іске асырылып келе жатқан түсіндіру жұмысынан бастап тиісті құжат­тарды рәсімдеу, арнайы тексеру қорытындысының ше­шімін дер кезінде шығару, ең бастысы, қолға алынған, атқа­рылған жұмысқа беріліп отыр­ған кепілдіктің барлығы кез келген тұрғынның көңілінен шықты. Әрине, біздің мақсат – тұрғындарымыздың жылы үйде, жөнделген үйде, көрікті қалада тұрғандары және де соған қол жеткізе білу. Сонымен қатар, бағдарламаның талабына сәйкес жөндеу жұмыстарына ниет білдір­ген­дердің қайырымдылығы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға талапқа сай, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл да жанұя үшін үлкен мүмкіндік. Жалпы, ауданымыздың тынысының қарқыны үдей түсу үшін талмай еңбек етуіміз керек», – дейді Зырян ауданының әкімі Ермак Сәлімов мырза. 

Жақын арада белгіленген үй­лер­­дің барлығына да жөндеу жұмыс­тары жүргізіледі. Ал жөндеу жұ­мы­сының түрі мен қаражаты тұр­ғындардың келісімімен ғана бекітіледі. 

Термомодернизация бағдарла­ма­сының арқасында үйлеріне жөндеу жүргізген аудан тұрғындары да қуа­нышты. Тұрғын үйіне жөндеу жүр­гізуге шешім қабылдаған Қайы­пов көшесі, №28 үйдің тұрғыны Наталья Смирнова: «Осы бағдарламаның арқасында үйіме жөндеу жұмыстары жүретін болды. Бұл – біздер үшін үлкен қуаныш, әрі мүмкіндік. Бірден ақысын төлеп, жөндеу ісімен айналысу мүмкін емес-ақ. Осы орайда несие негізінде жыл сайын төлеу біздер үшін қолайлы. Және жүргізілетін жөндеу жұмыстарына 3 жылдық мерзімге дейін кепілдік беріліп отыр», – дейді. 

Бағдарламаның тиімді әрі қарқынды қолданыста болуы – үлкен жетістік. Облыс бойынша бағдарлама негізінде тұрғындар тарапынан төленуі керек несие есебі де уақытында төленіп, өзге аймақтармен салыстырғанда 107 пайызға дейінгі көрсеткішке жеткен.

Ж. Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары