Нан тағы қымбаттай ма?!.

Нан тағы қымбаттай ма?!.

Нан тағы қымбаттай ма?!.
ашық дереккөзі
396

Естеріңізде
болса, мамыр айында Ұзақбай Қарабалин алғашқы жартыжылдықта жанармай бағасы
қымбаттамайды деп сендірген еді. Әсілі алғашқы жартыжылдықта өзгеріс
болмайтынана жұртшылық сенсе де, тамыз-қыркүйек айларында бір сұмдықтың орын
алатынын сезгендей болды. Дәл сол сияқты қараша айынан бастап нан бағасы өспек
пе? Онсызда былтыр көтерілген шу нан бағасын өсірмесе де, көлемі мен салмағына
әжептәуір әсер еткені сөзсіз. Қалың жұрттың сөзіне құлақ түрсек, 60 теңгеден
сатылатын нанның салмағы азайып қалған.
  Жалпы жыл сайын күз – астық пен нан
бағасынан басталады. Жыл сайын астықты экспортқа жөнелтеміз, экспорттық астық
көлемі артық деп отырамыз. Елімізде ішкі қажеттіліктерге бар болғаны 6-7 миллион
тонна астық жеткілікті. Биыл былтырғыдай 18 миллион тонна астық аламыз деген
жоспар бар, оның 8-9 миллион тоннасы экспортқа жөнелтілуі мүмкін. Олай болса,
нан бағасының қымбаттауына не себеп? Тағы да отандық мұнай мен жанармайдың күйі
еріксіз көз алдыңа келеді.

  Таяуда Павлодар мен Петропавл қалаларында нан бағасы күрт
қымбаттап, тұтынушылардың үрейін ұшырған еді. Жергілікті әкімдіктер бағаны бірден
тұрақтандырды. Алайда дүйсенбіде әлеуметтік нан Ақтөбеде қымбаттап шыға келді.
Өнімнің наубайханадан тарату бағасы 42 теңгеден 47 теңгеге дейін көтерілді. Бұл
жағдай Семей қаласында да орын алса керек. 

Серіктес жаңалықтары