КӘСІБИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

КӘСІБИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

КӘСІБИ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
ашық дереккөзі
180

2014 жылдың 22 қазанында Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Кәсіби сапарлар АСТС 2014 Abacus» халықаралық конференциясы өтеді. Орталық Азиядағы іссапарларға арналған ең ірі конференцияны туризм саласындағы шешімдердің ең әйгілі ұсынушысы – Abacus International компаниясы ұйымдастырып отыр. Жиын кәсіби туризм саласындағы ұсы­нушылар мен тұтынушылардың басын қоспақ. Кездесу барысында мамандар іссапар кезінде қауіпсіздікті орнату, шығындарды оптимизациялау және Орталық Азиядағы кәсіби туризмнің сапасын көтеру мәселелерін тал­қылайды. Конференцияның тақырыбы – іссапарлардағы қауіпсіздік және РИСК-менеджмент. Кәсіби туризм сала­сындағы ең ірі халықаралық ком­паниялардың спикерлері ісса­пар­­лар нарығының жай-күйін, қор­даланған мәселелерді талқылап, тұты­нушыларға жаңа әлемдік тенденция­лар­ды таныстырмақ. ACTC 2014 конференциясына Jumeirah Hotels & Resorts премиум қонақүйлер жүйесі де­меушілік етеді.

Анар ЛЕПЕСОВА

Серіктес жаңалықтары