МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ СПЕКТАКЛЬ ҚОЙЫЛАДЫ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ СПЕКТАКЛЬ ҚОЙЫЛАДЫ

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ СПЕКТАКЛЬ ҚОЙЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
496

21 қазан, Дулат
Исабековтың  “Жүз жылдық махаббат”
драмасының премьерасы өтеді. Бұл туралы М.Әуезов театрының баспасөз қызметі
хабарлады.

М.Әуезов театрының
89-маусымына арналған алғашқы спектаклін талантты режиссер Алма Кәкішева қояды.
“Қазақ поэзиясына ерекше құбылыс болып
келген  Мағжан – мен үшін мистикалық тұлға. Айтылмаған  құпиясы мол,
жұмбақ, тұңғиық жан!..” – дейді, режиссер театр сайтына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, режиссер алдағы уақытта шығармашылық мүмкіндік беріліп жатса Алаштың
барлық алыптарына бір-бір спектакль арнайтындығын жеткізді.

Ал, Алаш қайраткері Мағжан
Жұмабаевтың өміріне арналған қойылымда ақын рөлін актер Алмас Шаяхметов
сахналайды. “Мен Мағжанды тек пъесадағы
Мағжан етіп емес, Алма Кәкішеваның қиялындағы, өзімнің ішкі әлемімдегі Мағжанды
– бәрін қосып көрсетуге тырыстым” – дейді, жас актер. Спектакльде ақынның жары Зылиха рөлін актриса Дәрия Жүсіп ойнайды.. 

 Әкемтеатр жаңа
маусымын бастаған қазан айында 10 спектакль қояды. Премьерадан өзге
қойылымдардың барлығы да театр репертуарындағы көрермен көңілінен шыққан спектакльдер.


М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ҚАЗАН
айына жоспарланған РЕПЕРТУАРЫ

21 сейсенбі

 ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ МАХАББАТ

екі бөлімді драма

Премьера

авт. Д.Исабеков

реж. А.Кәкішева

22 сәрсенбі 

БЕЙБАРЫС
СҰЛТАН

тарихи
драма

авт. Р.Отарбаев

реж. Ю.Ханинга-Бекназар

23 бейсенбі 

МӨЛДІР МАХАББАТ

драма

авт. С.Мұқанов

реж. Ә.Рахимов

24 жұма

АРШЫН МАЛ АЛАН

мюзикл

авт. Ү.Ғаджыбеков

ауд.
Қ.Мұхамеджанов

реж.Тұңғышбай
әл-Тарази

25 сенбі

«ИМПЕРИЯДАҒЫ» КЕШ

драма 

авт. С.Асылбекұлы

реж.
А.Кәкішева

26 жексенбі 

ТЕНДЕРГЕ ТҮСКЕН
КЕЛІНШЕК

драма

авт. М.Сәрсеке

реж. О.Кенебаев

26 жексенбі

ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША…

Комедия//Кіші зал

авт. Ф.Буляков

ауд.Т.Әлімбекұлы

реж. Ә.Рахимов

28 сейсенбі

ҚЫЗ МҰҢЫ

лирикалық драма

авт. И.Сапарбай

реж. Е.Обаев,Т.Аралбай

29 сәрсенбі 

РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА

трагедия

авт. У.Шекспир

ауд.
Ә.Кекілбаев

реж. О.Салимов

30 бейсенбі

ТАҢСҰЛУ

драма

авт. Ғ.Есім

реж. А.Кәкішева

31 жұма

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ МАХАББАТ

екі бөлімді драма

авт. Д.Исабеков

реж. А.Кәкішева

Серіктес жаңалықтары