АТАКӘСІП НЕГЕ АҚСАП ТҰР?
АТАКӘСІП НЕГЕ АҚСАП ТҰР?
Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында елімізде қой басын 50 миллионға жеткіземіз деген ұран көтерілгені есімізде. Сол тұста қой шаруашылығы пайдалы және тиімді сала болып саналатын. Ал қазір елімізде қой шаруашылығы ең тиімсіз, пайда түсірмейтін сала және осыған орай мал басының саны да күрт кеміп кетті.Ақмола облысы тек егін шаруашылығы саласында ғана емес, мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы саласында да кеңес заманында республикадағы ең алдыңғы орындардан көрінетін аймақ болды. Сол кезде биязы жүнді қойларды өсіру қажеттігі туып, соған орай Көкшетау ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы шаруашылығы меринос жүнді қойларды өсіруге ден қойған еді. Шаруашылықта 14 мың бастан астам биязы жүнді қой болды. 1976 жылы оның рентабельділігі 33,2 пайыз болса, 1978 жылы 45 пайызға жетіп, бұл облыстағы ең мол пайда әкелетін салалардың біріне айналды. Сол тұста облыста биязы жүнді қой барлық қой санының 80 пайызын құрады.
Дегенмен қарқынды дамыған бұл сала нарыққа көшумен бірге күрт құлдырап, қой басы кеміді. Бір кездегі мыңғырған отар-отар қой баспа-бас айырбасқа түсіп, түгел дерлік жоғалды. Бүгінде ірі шаруашылықтардың арасында бірлі-жарымы ғана қой өсірумен айналысады. Қазіргі күні Ақмола облысында 411,2 мың қой болса, соның 77 пайызы жеке меншіктің иелігінде. Бұл кеңес заманындағы деңгейден үш еседен астам кем. Қой саны ғана емес, оның сапалық деңгейі де көп төмендеген. Қазір қойдың 80 пайыздан астамы қысқа қатқыл жүнді қойлар.
Облыстағы қой шаруашылығы өнімдерін өндіру, сол арқылы алынып отырған табыс деңгейі қандай дегенге келсек, бұл саланың мүлдем құлдырап кеткендігін атап өтуге тиіспіз. Өткен жылы 7800 тонна қой еті өндіріліпті. Бұл – жалпы өндірілген ет өнімінің 10 пайызы ғана. Қазақтың негізгі түлігі болып саналатын қой өнімінің осы деңгейіне қарап, бұл саланың қаншалықты тұралағанын бағамдауға болады.
Қой етіне аз болса да сұраныс бар, ал қой жүніне деген сұраныс мүлдем жоқ дерлік. Мәселен өткен жылы облыста 836,1 тонна қой жүні қырқылса, соның тек 37 тонннасы ғана кәдеге асырылған. Яғни, түрлі кәсіпорындар тарапынан шикізат ретінде сатып алынған. Бұл – өндірілген қой жүнінің 4,4 пайызы ғана. Қалған жүн пайдаға аспай қоқысқа тасталған.
Қойдың жүніне ғана емес, терісіне де сұраныс жоқ. Кеңес заманында қой терісінен тігілген шолақ тондар дүкенге түсер-түспес талапайға ұшыраса, қазір жұрт шетелдік жартылай тері немесе жасанды материалдардан тігілген тонды артық санайды. Соған орай, қой терісі мүлдем қажетсіз шикізатқа айналды. Мәселен өткен жылы облыста 200 мың қой терісі алынса, соның 3,3 мыңы, яғни 1,7 пайызы ғана тұтынылған. Қалғаны қажетсіз дүние саналып, қоқысқа лақтырылған.
Әрине нарық заңы қатал, сұраныс болса, өнім өндіріледі, сұраныс болмаса, ол сала тоқырап, жұмысын тоқтатады. Бір ғажабы, қой шаруашылығы өнімдеріне әлемдік нарықта сұраныс жоғары және ол жыл санап өсіп барады. Мәселен қойдың биязы жүніне деген сұраныстың жоғарылығынан, оның бағасы да шарықтап кеткен. Осыған орай, Австралия елінің фермерлері жаппай биязы жүнді қой өсіруге бағыт алып отыр. Бүгінгі күні Австралияда шарықтап дамып, мемлекетке қыруар табыс түсіріп отырған қой шаруашылығы, өкінішке қарай, бізде залалды сала ретінде мүлдем тоқырап қалды. Әлемдік нарықта бағасы шарықтап кеткен қойдың терісі мен жүні бізде қоқысқа лақтырылады. Осыдан кейін нарық заңын меңгердік, әлемнің озық санатына қосыламыз деп айтудың өзі әбестік.
Өмір бойы мал шаруашылығы саласында қызмет еткен бір ардагермен сөйлескенімде, қой шаруашылығын дамыту үшін арнайы бағдарлама жасап, ірі шаруашылықтар бұл бағытта мақсатты жұмыстар атқару қажет деп санайды ол. Ең алдымен, биязы жүнді қой тұқымын өсіруге бағыт ұстану керек. Содан кейін ауылдық жерлерде екі қолға бір күрек таппай жүрген адамдардан кооперативтер құрып, қой жүні мен терісінен жылы күртешелер, кеудешелер мен қолғап, шолақ тондар дайындайтын шағын кәсіпорындар ашқан жөн. Кеңес заманында Қима ауылында қой терісінен жылы етік тігетін кооператив болғаны есімде. Ауылда он саусағынан өнер тамған ісмерлер аз емес. Тек солардың басын қосып, заман талабына сай сәндік үлгідегі киім-кешек жасауды жолға қойса болғаны. Отандық сондай арзан және сапалы өнімге сұраныс аз болмас еді.
Қалкөз ЖҮСІП
Ақмола облысыАқмола облысы тек егін шаруашылығы саласында ғана емес, мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы саласында да кеңес заманында республикадағы ең алдыңғы орындардан көрінетін аймақ болды. Сол кезде биязы жүнді қойларды өсіру қажеттігі туып, соған орай Көкшетау ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы шаруашылығы меринос жүнді қойларды өсіруге ден қойған еді. Шаруашылықта 14 мың бастан астам биязы жүнді қой болды. 1976 жылы оның рентабельділігі 33,2 пайыз болса, 1978 жылы 45 пайызға жетіп, бұл облыстағы ең мол пайда әкелетін салалардың біріне айналды. Сол тұста облыста биязы жүнді қой барлық қой санының 80 пайызын құрады.

Ақмола облысы