ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН САРАЙ

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН САРАЙ

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН САРАЙ
ашық дереккөзі
202
Атырау қаласының әкімдігі мен «Шеврон» компаниясы қаладағы Жастар мен оқушылар сарайының құрылысын салу мақсатында, нысан бой көтеретін жерге алғашқы кірпішті қалады. Келешек ұрпаққа қызмет ететін бұл нысан олардың бойындағы бейімділік пен мүмкіндіктерді ашып, қоғамға қызмет етуге үндейді.«Шеврон» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және Бас атқарушы директор Джон Уотсон мен Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау қаласынан салынуы тиіс Жастар мен оқушылар сарайының алғашқы кірпішін қалады. Компаниядағы Директорлар кеңесі мүшелері мен топ-менеджмент, сондай-ақ, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысқан салтанатты шарада елдің, әсіресе, келешек ұрпақтың игілігіне қызмет ететін нысанның қуанышты сәтіне қала тұрғындары да куә болды.
Салтанатты шара барысында Джон Уотсон мырза: «Біздің компаниямыз Қазақстанда тер төгіп келе жатқан жиырма жылдың ішінде біз энергетикалық серіктестік мұнай мен газды барлау және өндіруімен шектелмейтініне көз жеткіздік. Бұл сенім жергілікті халықтың бейімділігін дамыту бағдарламалары түрінде өрбуде. Аталған бағдарламалар Қазақстанның аймақтағы «экономикалық локомотив» ретіндегі ықпалын арттыруда аса маңызды», – дей келе, Атырау жастарына инвестиция салудың арқасында олардың қоғамға қалтқысыз қызмет етуіне жағдай жасауға үндейтінін, сондай-ақ, жастар бойындағы мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға үйрететінін айтты. 
«Шеврон» компаниясы салғалы отырған Жастар мен оқушылар сарайы көпмақсатты және көпфункциялы білім кешені болмақ. Аталған нысан Атырау жастарының кәсіби, білім беру және әлеуметтік, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыруға жағдай жасайды. «Шеврон» компаниясы өкілдерінің айтуынша, Атырау облысы әкімдігінің үздіксіз қолдауының нәтижесінде Жастар мен оқушылар сарайы қала және аймақ тұрғындарының ортақ құндылығына айналып, ұрпақтан ұрпаққа мұра болатын нысанға айналады.
Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары