ТӨТЕНШЕ ЖАҒЫДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ КӨЛІК БЕРДІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒЫДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ КӨЛІК БЕРДІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒЫДАЙЛАР ҚЫЗМЕТІНЕ КӨЛІК БЕРДІ
ашық дереккөзі
204

Қызылордалық
құтқарушыларға 13 арнайы көлік, құтқару құралдарының 8 дана жиынтығы табысталды.
Техникаларды сатып алуға облыстық бюджеттен 311 млн. теңге қаржы бөлінген. Бұл
туралы Қызылорда облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа
техниканы табыстауға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, облыс
әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Құтқару қызметіне жаңа техникалар алған өрт
сөндірушілер төтенше жағдайға дайындық барысын көрсетті.

Төтенеше жағдай қызметін үнемі назарда ұстайтын облыс әкімі Қ.Көшербаев: “Сырдария өзені бойында 26 қауіпті аймақ бар. Көктемгі сең жүру кезінде бұл аумақтардың қауіпсіздігін сақтау үшін облыстық бюджеттен 703 млн. теңге қаржыны қазірден бөліп қойдық. Бүгін табысталып отырған жаңа көліктер жазатайым оқиғалардан зардап шегушілердің қатарын азайтуға септігін тигізсін” – деді, жаңа техникамен жабдықталған қызметкерлерді құттықтау сөзінде.

                                                                                                                                                             Облыста жыл басынан бері 300 мыңдай төтенше жағдайға қатысты қоңырау түскен, осы шақыртулардың негізінде 415 адамның өмірі қауіптен  құтқарған.

Шараның фотосуреттері:

4e8c7a9fdd8c113d00301d9bdeeb6f2d.jpg

e16faac9470ec3e315e5e093122f0012.jpg

8c189ab8c98247189a0cb026fd1d6d91.jpg

9837c224be2d80f8b28f550def510078.jpg

 

Серіктес жаңалықтары