Роботтар көмекке келеді

Роботтар көмекке келеді

Роботтар көмекке келеді
ашық дереккөзі
223

Дүниежүзілік денсаулық сақтау
үйымының мамандары дабыл қағуда. 15 қазаннан 22 қазанға дейінгі аралықта Эбола
вирусынан көз жұмғандар саны 322 адамға артып, 4877-ге жеткен. ДСҰ Эбола індеті
табылған жеті елді екі топқа бөледі. Алғашқы топқа індеттен ең көп зардап
шеккен Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея елдері кіреді. Екінші топқа індеттен
азырақ зардап шегіп отырған Сенегал, Нигерия, Испания мен АҚШ жатқызылған.

БҰҰ-ның
Қауіпсіздік кеңесінде Эбола безгегінің таралуына қарсы шұғыл әрекет ету
жөніндегі арнайы миссиясының басшысы Энтони Бэнбери әлем елдерінің Эбола
індетіне қарсы күрес шаралары әзірге еш нәтиже бермей отырғанын айтқан
болатын.  ДСҰ мамандары жағдайды
бақылаудан шығарып алмас үшін вирусты жұқтырғандардың 70 пайызын  1 желтоқсанға дейін ауруханаға жатқызуға күш
салмақ. Сондай-ақ, миссия басшысы індеттен көз жұмғандарды уақытылы және
қауіпсіз түрде жерлеу және  қосымша зертханалар
құру қажеттілігін де ескерткен еді.

Безгектің көзін жоюдың барлық амалдарын
қарастырып жатқан АҚШ ғалымдары жуырда тың ұсыныс айтты. Олар Эболамен күресте адамзатқа
роботтар көмектесе алады деп есептейді. Мамандардың пікіріне қарағанда, кейбір
роботтарды адамдардың орнына мәйіттерді көмуге пайдалануға болады екен. Бұл ұсыныс
Ақүйдің қолдауымен 7 қараша күні өтетін ғалымдардың кездесуінде талқыланады. Мамандар
безгекпен күресу үшін роботтардың көмегіне жүгінудің тиімділігіне көз жеткізсе,
жаңа әдіс қолданысқа енгізілмек.

Серіктес жаңалықтары