ӨНЕРКӘСІПКЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛДІ

ӨНЕРКӘСІПКЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛДІ

ӨНЕРКӘСІПКЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛДІ
ашық дереккөзі
220

ӨНЕРКӘСІПКЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛДІ

Елбасы биылғы
Жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты бағыт-бағдар беріп
өткен. Бүгінде еліміздің ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 20
пайыздай ғана болса, енді ол 50 пайызға дейін жетуі тиіс. Таяуда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Ұлттық қордан өндірістік өнеркәсіп
саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін бөлінген 100 миллиард
теңге толық игерілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ,
Қ.Бишімбаев мырза алдағы уақытта Ұлттық қордан аталмыш салаға тағы да 75
миллиард теңге бөлінетіндігі туралы да айтып өткен болатын. Соңғы жылдары
кәсіпкерлерді қолдау мақсатында көптеген бағдарламалар іске асып жатыр. Шағын
кәсіпкерлік саласында қызмет бастағандарға салық мәселесінде жеңілдіктер
қарастырылуға оңтайлы шешімін тауып келеді. Тіпті ал­ғаш­қы бірнеше жыл
салықтан босату керек деген ұсыныстар да айтылып жүр. Мұнайдан түсіп жатқан салықпен салыс­тырғанда
шағын кәсіпкерліктен түсетін салық небәрі 1-2 пайызды ғана құрайтын көрінеді.
Осындай аз қаражатты еңсесін тіктей алмай жатқан шағын кәсіпкерлік саласы
қызмет­керлерінен өндіріп алмасақ та болады дегендердің пікірі орынды.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары