"СОЮЗ - 2.1А" ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛМАҚ

"СОЮЗ - 2.1А" ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛМАҚ

"СОЮЗ - 2.1А" ЗЫМЫРАН ТАСЫҒЫШЫ ҰШЫРЫЛМАҚ
ашық дереккөзі
212

«Байқоңыр»
ғарыш айлағының ұшыру алаңына «Союз – 2.1а» зымыран тасығышы орнатылды. «Прогресс
М-25М» жүк кемесі тиелген «Союз – 2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясына
қажетті жүктерді жеткізбек. Ол жүктің салмағы 2,5 тоннадан асады. Жүк кемесінде
орбитаға қажетті отын компоненттері, тағам өнімдері, ғарышкерлерге арналған ауа
мен су, халықаралық ғарыш станциясын пайдалануды қамтамасыз етуге арналған
жабдықтар бар. Зымыран тасығыш ғарыш айлағының 31-сөре алаңына орнатылды. «Союз
– 2.1а» зымыраны алаңға орнатылмастан бұрын зымыранның ұшыруға дайындығы туралы
мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бүгін таңғы сағат 4.30-да ұшыру алаңына
шығарылған зымыран 29 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 13.09-да
ұшырылады.

Естеріңізге
сала кетейік, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан осыған дейін «Протон М» зымыран
тасығышы ұшырылған.

Серіктес жаңалықтары