Қазақстан және Ресей: мәдени ынтымақтастықтың жаңа белесі

Қазақстан және Ресей: мәдени ынтымақтастықтың жаңа белесі

Қазақстан және Ресей: мәдени ынтымақтастықтың жаңа белесі
ашық дереккөзі
236

Кеше Сочиде
ТМД-ға мүше елдердің Мәдени ынтымақтастық кеңесінің XXIX отырысы және ЕурАзЭҚ
Жаһандану комитетінің жанындағы Мәдениет кеңесінің VIII отырысы өткен болатын.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында екі елдің
2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
мемлекетаралық бағдарламасына қол қойылды.

ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы
және РФ Мәдениет министрінің орынбасары, стат-хатшы Г.Ивлиев бағдарламаға қол
қою барысында мәдениет және өнер салаларындағы өзара тиімді әріптестік
мәселелерін қарастырып, екі ел арасында гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі
қарай дамыту мен күшейту бойынша бірқатар шаралар кешенін жүзеге асыруға
уағдаласты.

ҚР Мәдениет
және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Арыстанбек
Мұхамедиұлы мен Григорий Ивлиев Бағдарламаның өзара дос және одақтас
мемлекеттер арасында одан да тығыз мәдени байланыстарды орнатудың негізгі
құралы ретіндегі айрықша маңыздылығына тоқталып кетті», – делінген.

Бағдарламаға
сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрі мен Ресей мәдениет министрлігінің өкілі
екі мемлекет шығармашылық ұйымдарының арасында байланысты нығайтуға көмек көрсетуге
келісті. Енді Қазақстан мен Ресейдің музыкалық ұжымдары мен орындаушылары
аталмыш елдер аумағында ұйымдастырылатын фестивальдар мен байқауларға жиі
қатысуға мүмкіндік алмақ. Сондай-ақ, екі тараптың киноөндірісіне ортақ
жобаларды жүзеге асыруға байланысты келіссөздер жүргізілді.

Ынтымақтастық
Бағдарламасының аясында тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, қорғау, қалпына
келтіру, пайдалану және насихаттаудағы серіктестік, кітапхана және мұрағат ісі мамандарының
өзара тәжірибе алмасуы мен біліктілігін арттыру мәселелері де шешімін табады.

Серіктес жаңалықтары