ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТҚАН ДЕПУТАТТАР

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТҚАН ДЕПУТАТТАР

ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТҚАН ДЕПУТАТТАР
ашық дереккөзі
172

Инвестициялар және даму министрі
Әсет Исекешев Алматыға сапары барысында “Казлегпром-Алматы” тігін
фабрикасын аралады. Министр

тігін цехын аралау кезінде отандық аяқ киімдердің
сапасын жоғары бағалады. Журналистердің бірінің “аталған өнімдерді Үкімет
мүшелері киер ме еді?” деген сауалына Әсет Исекешев “сапасы осындай
жақсы болса, неге кимеске?” деп жауап берді.

Фабрика директоры Айбек
Бектұрғанов министрдің кәсіпорынға демеуқаржы түрінде көмек көрсетуге уәде
бергендігін айтып өтті. “Министр жеңіл өнеркәсіп саласындағы негізгі
проблема – кадрлар тапшылығын шешу үшін шетелдік мамандарды тартып, қаржылық
қолдау көрсетуге уәде берді”, – деді Бектұрғанов. Аталған кәсіпорында
қазір 450-ден астам адам жұмыс жасауда. Фабрика жанынан екі айлық оқыту курстар
ашылған.

 Мұнда жылына 500 мың жұп аяқ киім, 1,5 млн жеңіл киім костюм-шалбар,
жейде, күрте, тағы да басқа киім түрлері шығарылады. Әлемдік рыноктағы
жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Жеңіл өнеркәсіп саласы индустрияландырудың
бірінші бесжылдығында жыл сайын өсіп отыр. Осы жайттан кейін
  Инвестициялар және даму министрі отандық
аяккиім өнімін халық қалаулыларына ұсынуы бек мүмкін. 


Есімізде болса, 13 қазанда Мемлекеттік органдардың елімізде
құрастырылған көліктерді пайдалануын заңдастыру керектігі туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» бірлестігінің төрағасы Мейрам
Пшембаев мәлімдеген еді. Ол бір сөзінде: «Министр Исекешев мырза
елімізде құрастырылған көлікті мініп, жақсы үлгі көрсетті. 

Осы сәтті пайдалана
отырып, мемлекеттік орган қызметкерлерін елімізде құрастырылған көліктерді
мінуге шақырамын. Олар қаласын, қаламасын, елімізде құрастырылған көлікті пайдалануын
заң жолымен реттеу керек», – деген еді М.Пшембаев.
«Қазақстанның
машина жасаушылар одағы» бірлестігінің төрағасыбізде құрастырылған көліктерге деген қызығушылық жыл сайын
артып келеді деген жағымды мәлімдемесін қолдаған министр енді отандық құрастырылған
көліктерді мінуді насихаттайтын болады.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары