ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

ДОПИНГКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
ашық дереккөзі
507

Қазақстан спортында допингке қарсы күрес
мәселелері тексеріліп, халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр. Бұл
туралы бүгін «Президент 
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру және
бұқаралық спортты заңнамалық тұрғыда дамыту мен салауатты өмір салтын
қалыптастыру» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі
Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарлады. 

«Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында
спорт және дене шынықтыру саласын одан әрі өркендету үшін алдымызға орасан зор
міндеттер қойды. 2014 жылғы 3 шілдеде Мемлекет басшысы «Дене шынықтыру және
спорт туралы» ҚР заңына қол қойды. Аталған заң спортты дамытуда халықаралық
тәжірибені және дене тәрбиесінің қазіргі талаптарына сай жасалған», – дейді
А.Мұхамедиұлы. 

Оның айтуынша, осы заңға сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың
бірқатар мәселелер жөніндегі функциялары айқындалып отыр. Біріншісі, тұрғылықты
жерлерде және халықтық демалу орындарында инфрақұрылым жасай алатын болса, екіншісі,
жергілікті жерлердегі спорт нысандарын кешкі уақытта пайдалану. Қазір сондай-ақ, допингпен күрес мәселелері
тексеріліп, халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп жатқандығын да тілге тиек етті.

Серіктес жаңалықтары