ҚАМАЛ БҰЗҒАН ҚҰРЫШТАР... (видео, фото)

ҚАМАЛ БҰЗҒАН ҚҰРЫШТАР... (видео, фото)

ҚАМАЛ БҰЗҒАН  ҚҰРЫШТАР... (видео, фото)
ашық дереккөзі
289

«Отар» әскери базасында ҚР Қорғаныс министрлігі құрлық әскерлерінің жылдық қорытынды әскери оқу-жаттығуы өтті. Жауынгерлердің ептілігі мен ерлігін шыңдайтын «Экспрес-тест» сынағына 728 әскери қызметкер қатысты. 

Бұл сынақ – Құрлықтағы әскер­лердің бас қолбасшысы гене­рал-лейтенант Мұрат Майкеевтің бас­­тамасымен төрт жыл бұрын так­ти­калық жоспарға енген болатын. «Экспресс-тест» – құрлық әскер­ле­рінің соғыс өнерін шыңдай­тын қатал тапсырмалардың бірі. Бұл арқылы біз барлық құрлық әскерінің дайындығын, қабілетін бір полигонда көре аламыз. Олардың бағасын командирлер емес, құрлық әскерінің қолбасшысы береді», – дейді Жауынгерлік дайындықты ба­қылау басқармасының бас­тығы, генерал-майор Сәбит Құдай­бергенов. 

Соғыс жағдайына ұқсатылып жасақталған сайыстарға 11 танк командасы, 8 артиллерия, 15 инженерлік, 6 байланыс коман­дасы және Аэроұтқыр әскер­лерінің шабуылдаушы десант­та­ры, мотоатқыштар, теңіз жаяу әскерлерінен құралған 11 команда қатысып, атыс қимылын көрсетті. Бұлардан бөлек, экспресс-тестке мина қою және минадан тазартушы 7 бөлімше қатысып, Құрлық әскерлерінің Инженерлік құра­мындағы бөгеттерді бұзуға, кедергілерді алып тастауға, окоп қазуға арналған ауыр техникалары да соғыс жағдайындағы қорғаныс пен шабуылға өтуге бағытталған іс-қимылдарын шыңдады.

 

Сарбаздардың жеке дайындығы мен қаруларын қолдануы, коман­да­мен түрлі кедергілерден өтуі, кір тасын көтеру, 5 және 10 шақырымға жүгіру сынды физикалық, ақыл-ой зеректігін сынға алатын сайыстарда сыналды. «Бұл сынақта аэроұтқыр әскерлері сөреде тұрып қаруды жинақтап, алаңнан жүгіріп өтіп, 16 келі салмақтағы жәшікті 20 рет көтеріп, одан әрі жарақаттанған адамды 20 метрге сүйреп, көтеріп өткізіп, темір сымдардың астынан жер бауырлап өтіп, мәреге жетуіміз керек. Негізінде 4 минут уақыт беріледі, біз бұдан 3 минут 20 секундта өтіп үлгердік», – дейді экспресс-тестке қатысушы, 32363 әскери бөлімінің гвардия сержанты Жақсылық Қамзаев.

Ал «Мәтібұлақ» полигонында өткен сайыста ауыр техникаларды басқаратын жауынгерлер жаяу әскердің ұрыс машинасымен қозғалыста қашықтықтан танкіге қарсы оқ ату, әуе шабуылына тойтарыс беру, зеңбіректерді жедел құрып, 25 шақырымдағы нысананы жою сынды оқу-жаттығуларын көрсетіп сынға түсті. Жаттығудағы ең тартысты сайыс Алматы, Ақтау, Жаркент, Талдықорған, Тараз, Үшарал, Сарыөзектен келген зеңбірекшілер арасында өтті. 

«Экспресс-тестің» басты та­ла­­­бы – сайысқа шақырылатын бөлімшелер алдын ала тартылған жеребе бойынша оқу-жаттығуға шұғыл түрде шақырылады. 
Сайыстағы ережесі бойынша әрбір жаттығу қимылына балл қойылып, жаттығу аяқталғанда сол бойынша жеңімпазды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысы анықтайды. 


Жәнібек ҒАЛЫМ, 

Суреттерді түсірген 

Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

Алматы-Отар-

Мәтібұлақ-Алматы

Серіктес жаңалықтары