Автомобиль өндірісін дамыту қолға алынбақ

Автомобиль өндірісін дамыту қолға алынбақ

Автомобиль өндірісін дамыту қолға алынбақ
ашық дереккөзі
328

Елімізде автомобиль өндірісін дамытуға баса назар аударылуда. Бұл туралы атпа басында ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қатысуымен өткен Үкімет отырысында айтылған еді. Үкіметте Кеден одағы елдерінде автокөлік өндірісін қолдау шараларын
бірыңғайлау қажеттігі  сөз болған. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде  ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт
Рау мәлімдеген болатын. Альберт Рау осы мәселеге қатысты Үкіметке отандық
автомобиль құрастыру саласы бойынша шаралар кешені ұсынылатындығын айтты. Іс-шаралар
жоспарын ұсынудағы мақсат – автомобиль өндірісін барынша дамыту. Шаралар
кешенінде жаңа жобалар үшін инфрақұрылым салуды, құрал-жабдық сатып алуға
жеңілдікті несиелеу қарастырылған.  «Тұтынушыларды несиелеуге қатысты
Ресей бұл шараны автокөлік саласын қолдауға пайдаланады, ол құлдырау кезеңінде
саланы қолдау үшін енгізіледі. Біз мемлекеттік қолдау шараларының барлық
спектрін қарастыруымыз керек, сонда нақты бір сәттерде қандай да бір құралдарды
пайдалана аламыз», деді вице-министр
А.Рау. Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстанға 122 мың көлік сырттан әкелінген.
Импорттың көбісін Ресейдің автоөнімдері құраған. Қазақстанда жиналатын
автомобиль өндірісінің көлемі соңғы 4 жылда 10 есеге өскен. Бұл – отандық
өндіріс үшін үлкен жетістік. Қазір Қазақстанда көліктің екі моделі дәнекерлеу
мен бояу жұмыстарын қамти отырып шығарылуда. 2018 жылға қарай экспортқа шығатын
автокөлік модельдері 50 пайыз локализациямен қамтылуы қажет. Бүгінгі таңда
отандық өндіріс алға басып келеді. Елімізде ресейлік көліктердің басым болуы
екі ел арасында кедендік кедергінің болмауынан. «Қазір біз өз нарығымызға көңіл
бөлуіміз керек. Шамамыз келгенде экспорт туралы сөз қозғаймыз.
Индустрияландырудың екінші бесжылдығындағы басты тапсырма да сол – экспортқа
қол жеткізу», – деп атап өтті ҚР Инвестиция және даму вице-министрі Альберт
Рау.

Серіктес жаңалықтары