ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 5 ШАРА

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 5 ШАРА

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 5 ШАРА
ашық дереккөзі
215

2015 жылы Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған мерекелік шаралар Керей мен Жәнібек хандар әуелгі ордасын тіккен Шу мен Талас  өңірінде тойланады.  Бұл туралы Астанадағы брифингте мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.    

Министрік торқалы тойды Қазақ хандығы жайлы тарихи сериал түсірумен бастамақ. “Елбасы тапсырмасымен қазақ хандығына арналған 20 сериялы үлкен фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келеді. Бұл не үшін керек деген сұрақтар бар. Қазіргі кезде қазақ хандығына қатысты ғалымдардың тұжырымы бір жолға түскен кезде көркемдік жанрға шығаруымыз керек”, – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бұдан бөлек, 550 жыл толған мемлекетігіміздің тарихын әлемге паш ету мақсатында Мажарстанмен бірлескен «Алтайдан Дунайға дейін» деп аталатын халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, неміс ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетіні де мәлім болды. Сондай-ақ, министр А.Мұхамедиұлы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойы республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар арқылы да ұлықталатындығын жеткізді.  

Мерейтойға арналған алғашқы 5 мерекелік шараның жоспары он шақты күн ішінде дайындалған болуы мүмкін. Өйткені, 2015 жылы Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдығын тойлау туралы Елбасы Н.Назарбаев өткен айдың 22 қазанында айтқан болатын. Сондықтан, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы бұл шараларды өткізу мерзімі мен жұмсалатын қаражат алдағы уақытта нақтыланып, желтоқсан айында жарияланатынын ескертті.  

Серіктес жаңалықтары