ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы тақыланды

ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы тақыланды

ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы тақыланды
ашық дереккөзі
193

Бүгін
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы
қызметтері басшылары кеңесінің 37-отырысына қатысушылармен кездесті. Бұл туралы
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Қауіпсіз
әрі тұрақты қоғамның орнауы азаматтардың құқығын қорғау мен орнықты
әлеуметтік-экономикалық дамуға тікелей байланысты.Кездесуде
қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің ТМД кеңістігіндегі, соның ішінде
лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы өзара іс-қимылын күшейту
мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы аталған органдардың қазіргі жағдайдағы
қызметінің маңыздылығына тоқталды.«Біз жаңа сын-қатерлерді, лаңкестік
ұйымдардың белсенді бола түскенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайда ұлттық
қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтердің жұмысын үйлестіру өте маңызды»,
– деді Елбасы. Сондай-ақ, ҚР Президенті қауіпсіздік мәселесі Кеден одағының
жұмысы жағдайында ерекше өзекті болып отырғанын айтты. «Шекаралар ашылды, құқық
бұзушылар елдер аумағында емін-еркін жүре алады. Осыған байланысты сіздердің
бірлескен жұмыстарыңыз, бір-біріңізге көрсететін ілкімді ақпараттық қолдау баға
жетпес мәнге ие», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Украинадағы ахуалға байланысты жаңа
сын-қатерлер таяп келе жатқанын ескерткен мемлекет басшысы ТМД-ға мүше
мемлекеттер үшін ішкі сипаттағы шаралар қабылдаудың маңызынаа тоқталды.Экономикалық
дағдарыспен күресте Қазақстан қолға алған нәтижелі шараларды атап өтті: «Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму
бағдарламасы аясында 5 жылда 800-ден астам кәсіпорын құрылды, көп жұмыс
орындары ашылды. Осының бәрі мұнайға, газға және басқа да
ресурстарға тәуелділікті азайта отырып, экономикалық оң ықпалын тигізуде.
Келесі бес жылдықта біздің еліміз инновациялық дамуға ден қоятын болады», –
деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының инфрақұрылымдарды әрі қарай
дамытуға да баса көңіл бөлінетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары