Қоғамдық көліктерді алмастыру қажет пе?

Қоғамдық көліктерді алмастыру қажет пе?

Қоғамдық көліктерді алмастыру қажет пе?
ашық дереккөзі
245

Алматы көшелеріндегі қоғамдық көліктерді, яғни
автобус, трамвай, троллейбустарды шағын көліктермен алмастыру қажет. Мұндай
ұсынысты өнертапқыш Руслан Саринов атты азамат ұсынды. Өнертапқыштың сөзіне
сүйенсек, жоғарыда аталған қоғамдық көліктер жол қозғалысында қиындық туғызады.
Үлкен қоғамдық көліктердің әсерінен көліктер жол бойында бөгеліп қалады. Сөйтіп
машиналардан тараған зиянды қалдықтар ауаны ластайды. Осы орайда Руслан Саринов
бір автобустың орнына 20 кісілік 4 шағын көлікпен алмастырсақ дейді. Сонда жолаушылар
қазжетті жеріне жылдам жетеді және көлік кептелісі де азаяды. Ең бастысы,
қоршаған ортаға өз пайдасын тигізеді. Осындай ұсынысын жобаға айналдырған көлік
саласын зерттеуші өнертапқыш қалалық әкімшіліктен қолдау таба алмай жүр. 7
жылдан бері осы жобаны ұсынып жүрген Руслан Саринов: Үлкен көліктер шағын
машиналардың қозғалысына жиі кедергі жасайды. Соның салдарынан олардың қозғалысы бәсеңдейді. Бұған қоса, шағын
көліктерде  жылдам қозғалу режимі қосулы тұр, бұдан ауаға үздіксіз улы газ
тарайды. Жоба көлік жүйесіндегі ,жалпы
жолдағы қарбаласта кептеліп қалатын көліктердің жүгін 30-40 пайызға жеңілдетеді», – деп отыр. Қалалық
әкімшілік әзірге бұл жобаны сатып алуға қызығушылық таныта қойған жоқ. Дәл
қазір жергілікті билік өкілдері газбен жүретін автобустардың санын арттырып
жатыр. Соған қарағанда, Руслан Сариновтың жобасы әзірге жүзеге аса қоймайтын
секілді.

Серіктес жаңалықтары